Жаңа әліпби бір елдің азаматтарын екіге бөлмей ме?
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІҢ ОЙҒА ШОМДЫРАТЫН ТҰСТАРЫ ДА БАР
Латыншаға негізделген жаңа қазақ әліпбиіне көшеміз дегелі бері мына сауал ойландырып келеді.
Неге бір елдің (мемлекеттің) заңдары, іс-қағаздары, құжаттары, оқу орындарындағы, мектептеріндегі дәрістері, сабақтары, сондай-ақ газет-журналдары, сайттары, екі әліпбимен: кириллица және латын тілі негізіндегі әліпби бойынша оқытылып, жазылуы керек? (Бұрын екі тілде: қазақша, орысша жазып, оқушы едік, енді енді оған екі әліпби: латын және кириллица қосылды!!!).
ҚР азаматтарының бәрі неге түгел латыншаға негізделген жаңа қазақ әліпбиін үйреніп, оқып, жазбайды?
Бұл мәселе тағы бірнеше мәселені тудырып (қозғап), бүтін бір елдің азаматтарын екіге жармай ма (бөлмей ме?)?
Ұялы телефонымызға ауа райы туралы хабарламалар қазақша да, орысша да латын әліпбиімен жазылып келіп жатқан кезде (заманда), "бұл әліпбиге тек қана қазақ тілінде оқып, жазатындар ғана (қазақ тілді мектептер, газеттер, журналдар, баспалар, сайттар, т.б.) көшеді деген тұжырымға түсіне алмай жүргендер әлі де көп.
Әлде менің ойым жетпей жүрген басқа қыры мен сыры бар ма?
Меніңше, Үкіметіміз бен Мемлекеттік хатшымыз осы мәселеге байланысты халыққа, зиялы қауымға жан-жақты түсінік беруі керек деп ойлаймын.
Көсемәлі Сәттібайұлы
Фейсбуктегі парақшасынан