Сен тұр - мен айтайын!

Той жасайтындар осылай, ысырапсыз 3&1 ғып, бір оқпен үш қоянды алуға кеңес берем!

  • Той жасайтындар осылай, ысырапсыз 3&1 ғып, бір оқпен үш қоянды алуға кеңес берем!

    Той жасайтындар осылай, ысырапсыз 3&1 ғып, бір оқпен үш қоянды алуға кеңес берем!

Ал, "біздің елге келгендер жатып ішеді" демекші, жұмысқа баруға шама болмай, тойдан екі табан гулеп, жатып алып жазып жатқан сол?! 
Ешкімге ақылшы емеспін. Десе де, "дәстүрдің озғаны мен тозғаны болады" демекші, ойластырған дәстүріммен бөлісейін. Дүниеде қаламайтыным - ысырап. Оны бағалайтындай ауыр жолдан өттім. Баламды үйлендірем дегеннен, той мәселесіне анау айтты толғанбадым. Өйткені, үлкен ұлыма тап осылай той жасағанмын.
Әлқисса, бізде бір қуанышқа орай бірнеше шабылатын жөнсіз асыра ысырапшылық жеткілікті. Ең жаным қаламайтыны осы мәселе. Келіннің анасымен тәтті шәйда кездескенде, қызды бүгінгі салтқа айналған тойханадан емес - әкесінің босағасынан, әкесінің ақ батасымен ұзатуын, дабырагершіліктің қажеті жоғын өтіндім. Өзіме келгенде, тойымды бес жүз адамдық партияның жиналысына айналуын қаламадым. Шақырсам, асып түсетін адамым бар, Аллаға шүкір. Бірақ, екі жасқа кейін жиі көріп, менің төрімде өздері күтіп алатын, араласатын нақтылы адамдардың болғанын қаладым. Бұным үшін тонның ішкі бауындай араласып, қуанышында болып жүрген сыйластарым ренжімес. Осы себеппен ет жақын ағайын-туыстарды ғана шақырып, жүз адамға той жасадым. Алдымен беташар жасап, беташар аяқталғанда құдаларды әндете қарсы алып, той салтанатына ұластырып жібердім. Бәрі де баламның үйленгеніне келетіндіктен, бүгінгідей уақыт қымбат заманда жеке-жеке әурелетпей, бір дастарханның басында, қуанышты бірге тамашалаттым. Бастысы, маған келін тәриелеп берген құдаларымды өз тарапыма бірден таныстырдым. Бар болғаны осы?! Той жасайтындар осылай, ысырапсыз 3&1 ғып, бір оқпен үш қоянды алуға кеңес берем! Есесіне, теріңді сыпырып алатын ешқандай кредитке тұтылмай той атқардым.
Айтпақшы, той арақсыз ағарғанмен өтті.

Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 3101    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.02.2020, 08:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30