Сен тұр - мен айтайын!

Жастар несін оқиды? Кітап дүкеніңде өзінің ана тілінде тұщынып оқитындай түгің болмаса

  • Жастар несін оқиды? Кітап дүкеніңде өзінің ана тілінде тұщынып оқитындай түгің болмаса

    Жастар несін оқиды? Кітап дүкеніңде өзінің ана тілінде тұщынып оқитындай түгің болмаса

Қазақстаннан өзге ешбір елдің кітап дүкендерінің сөресін өзге тілдегі кітаптар қайыстыра сірестіріп қаптап тұрмайды. Түркияда түрікше, Ресейде орысша, Моңғолияда моңғолша, Жапонияда жапонша кітап қана табасың. Ал, біздің елде кез-келген қаладағы кітап дүкеніне бас сұғып көріңіз. Әлем әдебиетінің инжу-маржандары тек орыс тілінде ғана көздің жауын алып тұр. Қазақша кітаптар бір сөренің жартысын да толтыра алмай жетімсіреп жұтап, жүдеп-жадап тұрғаны. Оның өзінде совет жазушыларының ғана туындыларын кездестіресіз. Баяғыда оқыла-оқыла жауыр болған кітаптар. Жаңа авторлардың бірең-сараң кітаптары кездесуі мүмкін. Бірақ, әлгі авторлардың есім-сойларын көргенде езуге еріксіз күлкі үйіріледі. Интернетте орысша жазылып, оқылып жауыр болған психологиялық кеңестердің қазақша көшірмелері (плагиат), қалай тез баюға болатын жолдарды үйретемін деп даурыққан бір желөкпелердің жасандылау жазбалары және әлде актриса, әлде, продюсер ме, бір әйелдің шимай-шатпақ жинақтары... Негізі, күлгеннен гөрі жылаған дұрыс секілді. Кітап дүкендеріне осылайша өзге елдің тілдік-ақпараттық, әдеби экспансиясына жол ашып қойып, кітап сөресінің болмашы бөлігін күлдібадам бірдемелермен жамап-жасқап алып, "Қазіргі жастар кітап оқымайды" деп жатып кеп көсемсиміз. Әрине, оқымайды. Несін оқиды? Кітап дүкеніңде өзінің ана тілінде тұщынып оқитындай түгің болмаса.

Қуандық Шамахайұлы
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 587    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.01.2020, 11:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30