Сен тұр - мен айтайын!

Жат елде өз жайын күйттегендерді әспеттегендерді түсінуге тырысам-ау, бірақ...

  • Жат елде өз жайын күйттегендерді әспеттегендерді түсінуге тырысам-ау, бірақ...

    Жат елде өз жайын күйттегендерді әспеттегендерді түсінуге тырысам-ау, бірақ...

Сыртынан тон пішу, өте қиын мәселе. Десе де, елдің маңдайалды ұл-қыздары жателдің атын шығарып жатқанда, ішім у-дай ашиды. Мына жақтан "қазақтың атын шығарып жатыр" деп, өзімізше иеленеміз. Тек, олар өмір сүріп жатқан мемлекет емес. Ол ел үшін "Америка, не, Франция азаматы" деген жалғыз ауыз сөз бар. Ешқашан ұлтын, туған жерін тарқатып жатпайды. Себебі, маңызды емес! Маңыздысы - жат елдің даңқынан даңқ қосқаны. Сонда деймін-ау, қазақ топырағы өсіреді, білім береді, жемісін жат көреді. Қазақ мемлекетіндегі білім деңгейі топас болса, сол дәрежеге қайдан жетті?! "Жат ел қолдайды, бізде жемқорлық" дейсіз, білем. Сонда қалай?.. Су екеш - суды да сасып кетпеуі үшін шайқап, жаңартып тұру керек. Қиындықтан қашып, шетел асып кете берсе, отаның не болмақ? Мықты қаржыгер жателдің президентіне экономикасын көтеруге кетті. Сол қажырын әке-шешесі өмірге әкелген топыраққа арнаса болмай ма? "Пәлен елдің ғылымын көркейтті" деп жат елде өз жайын күйттегендерді әспеттегендерді түсінуге тырысам-ау, бірақ... Ол жетістіктің иесі қазақ емес - жат ел! Қазақ үшін Жаратқан иенің ең үлкен жазасы - жемқор жүйемен буып тастағаны. Бірақ, Ол да "бунаған түйінді шешетін" азаматтың жарып шығуын күтіп отырған болса ше? Қысқасы, өзге елдегі айтулы сұлтаннан гөрі - қазақ жерінде сиыр сауып, құрт жасап сатқан әйелдің құны әлдеқайда биік! Өйткені олар - қиындықпен арпалыса жүріп ұрпағын өз топырағында өсіріп отыр.

Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1247    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.10.2020, 23:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31