Сен тұр - мен айтайын!

Жігіттер серіктестік босануға смела қатысыңыздар, өзің туғандай әсер аласың...

  • Жігіттер серіктестік босануға смела қатысыңыздар, өзің туғандай әсер аласың...

    Жігіттер серіктестік босануға смела қатысыңыздар, өзің туғандай әсер аласың...

Индира тұңғыш қызыма ауыр аяқ. Толғағын күтіп жүргеніме бір айдан аса уақыт өтті. Тәтем хабарсыз. "Әй осы сен түйенің етін жеп қойдың-ау, мойындай салш" деп ренжитінмін. Бір өзім туатындай қатты қобалжыдым сол кездері. Сөйтіп, көптен күткен толғақ таңға жуық келді. Ауылда сиырдың туғанын талай көрдік қой. Адам да сондай екен /әзіл/))) Индираның киім-пиімдерін дайындап қойғанбыз. Скорый келіп, хотунымды перзентханаға алып кетті. Артынан таксимен мен де ұштым. Қалқаманның роддомында түнедім. Партнерский роды дейді екен ғой (қасында міндетті түрде біреу болу керек екен я досы я туысы дегендей). Әйелім ЖП-ым (жан подружкам) Әлия келу керек, айтып қойғанмын деді. Уайымдама деп қоят. Қалтама 20 мың теңгемді салып алып есік алдында мен жүрмін. Содан келіншегімнің жаңағы ЖП -сы лақтырып кетіпті. "Көрдің бе байыңнан артық жан подружка болмайды" дегесің ғо))) Сөйтіп СЕРІКТЕСТІК БОСАНУҒА өзім кірдім. Қолым дірілдеп, өз-өзімнен дарбалаңдап жүрмін. Хотынымнан өмірімде естімеген боқ ауыз сөздерді естідім. (қиналып кеткен ғой енді). Іштей "туып ал, потом посмотрим" деп жынданып алдым. Шаштан бастап, үстімдегі киімге дейін терлеп кеткен. Сасқалақтап массаж десе массаж, щәй пәй вопщм шауып кел, барып кел дейтін пацансың ғой. Жүгіріп жүрдім. Еркектік намыс-памысты қалтаға сап қойдық. Жаным не керек, не ішесің? Мына жерің бе? кел уақалап берейін. Американың киносындағы чорт күйеулер сияқты елестеттім өзімді. "Ойбай роды басталды!" деген акушер мені сыртқа қуып шықты. Туғанда шақырамыз деді. Бірер минуттан кейін есік сыртынан ІҢӘ-ІҢӘ деген дауысты естідім. Жүрек дүрс-дүрс. Міне өстіп, үлкен қызым Аяулымды өзім күтіп алып, алғаш рет маңдайынан сүйдім.


ЕРКЕКТЕРГЕ АНЫҚТАМА:
Көп жігіттер "партнерский род" десе басын ұстап қашады. "Мә ондайды көргім келмейт, ертең келіншегіммен ЖАТА алмай қалам ғой" деп қорқақтайтындарды да көрдім. Айтайын дегенім, құрметті ЖІГІТЛЯР! Босану процесіне бізді ешкім қатыстырайын деп тұрған жоқ. Тек толғақ кезінде ғана әйелдеріңізге қолдау көрсетесіздер. Так что СЕРІКТЕСТІК БОСАНУҒА смела қатысыңыздар. ӨЗІҢ ТУҒАНДАЙ ӘСЕР АЛАСЫҢ. Осыдан сұрақ: Балаңды алғаш болып маңдайынан иіскеп, қасында болған жақсы ма? Әлде екі күннен кейін ішіп алып, төрт аяқтап балконнан көрген жақсы ма? Таңдау еркі өздеріңізде...)

 

Жан Ахмадиев
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 1080    Пікірлер: 0

жұма, 28.08.2020, 11:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31