Сен тұр - мен айтайын!

Жолдың неғұрлым сапасыз жөнделгені əлдебіреулер үшін тиімді ме?..

  • Жолдың неғұрлым сапасыз жөнделгені əлдебіреулер үшін тиімді ме?..

    Жолдың неғұрлым сапасыз жөнделгені əлдебіреулер үшін тиімді ме?..

АШЫНҒАННАН ШЫҒАДЫ АЩЫ ДАУСЫМ!


Өз артыңды өзің ашқаннан абырой табармын деймісің. Іріңі шығып тұрған шиқанды көргенде қалай ғана жайбарақат үнсіз қаласың? Бірақ "айтқанның аузы жаман, жылағанның көзі жаман". Неге бұлай болды деп, бір сəт жағдайды сабырмен саралаудың орнына ер тоқымын бауырына ала тулайтындардан не үміт, не қайыр?
Өзім күнде жүріп өтетін серуен жолының жөндеу жұмысы өткен жазда басталып, алғашқы қар түскенге дейін ащы ішекше созылған. Үш күн жұмыс, он күн үзіліс. Əптер-тəптері шығып, шаңы бұрқырап жатқан соқпақтың бірде оң жағынан, бірде сол жағынан сүріне-қабына, аттап- бұттап, ығырымыз шыға жүріп, аз шыдасақ айнадай жалтыраған асфальттың үстімен зырқырайтын боламыз деп, өзімізді жұбататынбыз. Қайда-а-аан? Бір қысқа шыдамай сыр берді. Жолға қаланған жиек тастар үгіліп, асфальт соқпақтың əр тұсы жарылып, алақандай боп ойықтана бастаған.
Желге кеткен халықтың қайран салығы!
Əкімдік қызметкерлері жолды жөндеген біз емес деген уəж айтып, жауапкершіліктен жалтарады. Иə, қолыңызға күрек алып, топырақ қазған сіз емес екеніңізді білеміз. Жолды жөндеу жұмысын атқарған - əкімдік жариялаған тендерді жеңіп алған фирма екенін де білеміз. Алайда əкімдік ақшаны фирманың есепшотына аударып жіберіп, ар жағы күл болмаса бүл болсын деп, шалқасынан түсіп ұйқтап жатпайтын шығар. Жұмыстың орындалу сапасын бақыламай ма, іс біткенде актімен қабылдап алмай ма?
Халық төлеген салығының есебін əкімдіктен сұрамағанда кімнен сұрамақ? Жоқ, əлде жол жөндеген фирманың жағасына жармаса ма?
Əлде жолдың неғұрлым сапасыз жөнделгені əлдебіреулер үшін тиімді ме?..

Гүлмәрия Барманбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1023    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.02.2021, 09:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30