Сен тұр - мен айтайын!

Қалжа ма, гүл ме?

  • Қалжа ма, гүл ме?

    Қалжа ма, гүл ме?

Перзентханада бір әулеттің тұңғыш немересін босанып жатқан келіншекпен бірге жаттым. Баламнан екі-үш-ақ жас үлкендігі бар жас қыздар ғой. Бала күтімдері де, еркелеткендері де, орағандары да, общым көп дүниесі бөлек. Әр балада біріншісі құсап абдырап қалатынымыз содан болса керек, бәрі жаңарып кетеді екен ғой.Біз баланың аяқ қолын тіп-тік қылып орап, көтере қалсаң қуыршақтай қылып үйреніп алғанбыз ғой. Қазіргілер бос қойып аяқ-қолын ербеңдетіп қояды деген сияқты. Оның перзентханаға әкелген сөмкесінде құстың сүтінен басқаның бәрі жоқ дей ма? Біздікінің бәрі экономишный))) Артыңнан келген тамақтың бәрін жей бермейсің, жегің келіп тұрса да үйдегілеріңді ойлап, біреуінікін алып, екіншісін үйде қалғандарға қарай оправить қып жібересің. Оған көршімнің көзі тосағандай болады))Содан не керек екі күн жатқызып шығарып жіберетін болды. Көршім таңнан бастап күйеуіне збандап жатыр. "Раз тама нету, иди туда".. деп мекен-жайларды айтып жатыр. Ана байқұс далбаңдап келесі жерден сурет салады.Ұнамайды.

-Не таңдап жатырсыңдар?...деймін ғой.

-Гүл.

-Гүл.ММмм-, деп ернімді сылп еткізіп қоям.

Өткенде бір подружкам роддомнан шыққанда күйеуі ужааасный мамбетский гүл әкелді ғой. Солай болмасын деп өзім қадағалап жатырмын-, дейді.

-Жан, мына гүл қалай?

-Ну боле ли менее. Болады.Ал. Қанша дейді?.Ерке көршім бағасын да сұрап жатыр.

-27000.

-Норм.бери

-Ойбай, 27 мыңға гүл алдырасың ба? Оданда бір тоқты алып буың бұрқырап терлеееп сорпа ішпейсің ба?-, деймін ғой.

-Ой, апай-, деп ішек-сілесі қатып күледі. Онда сіз жолдасыңызға тоқтыны гүл қылып жасап әкеле сал десеңізші-, дейді.

Күйеуі гүлге кетті.Біздің жанымызға асай-мүсейін көтеріп майкап жасайтын шебер келді. Роддомнан шығаруға макияж жасап жатыр.Ал маған бәрібір табиғи, ернің мен түрің бозарып-ақ, за то жас босанған қалпымыз ұнайды...


 

facebook.com парақшасынан 



Көрілген: 2613    Пікірлер: 0

сенбі, 04.05.2019, 10:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31