Сен тұр - мен айтайын!

Қазақ алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүріп жатқан жоқ...

  • Қазақ алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүріп жатқан жоқ...

    Қазақ алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүріп жатқан жоқ...

Әркім әрнені сынап жатады осы. Жөн-жосығы бар сын - жақсы, етек-жеңіңді жинап жүруге, алда сол қатені жөндеуге көмегі өте көп. Бірақ сол дұрыс сынды айтуға да өре керек, деңгей, сауат керек. Ұлттық аударма бюросында жұмыс істеген уақта соған тағы көз жетті. Бұрын әрнені бір аударып жүргенде тапсырыс беруші орыстілді ағайын мәтінді таза қазақша жазсаң түсінбей, ішінен өзі түсінетін сөзді таппаса, мынау дұрыс аударылмаған деп күйдіретін ғой. «Жақсы, кішкене түсінсінші» деп кейбір сөздерді қалдыруға тура келген кездер де болды ғой)
Ал Аударма бюросындағы кітаптар ондай халтураны көтермейді. Оларды аудару үшін де, редакциялау үшін де үлкен академиялық білім керек. Ал сын айту үшін сол академиялық білімнің «атасы» керек. Олар - ғылыми-зерттеу жұмыстары, оқулық. Ол салалық оқулық, арасында бірді-екілі болмаса, көпшілікке арналғаны аз. Нақты сол салада терең білімі бар адамдарға бағытталған. Онда терминнің бәрі аударылмайды. Кейбір терминдер латын тілінен алынған, ағылшынша да, орысша да, басқа тілде де солай қалатындары бар. Сосын түпнұсқада не туралы айтылса, қазақ тілінде де сол туралы айтылуы керек. Анал тесігі туралы айтылса да, жыныс мүшесі туралы айтылса да. Жыныс мүшесі бар ма &mdash бар, қазақшасына апарып,«жоқ» деп жазуға болмайды, қазақта да жыныс мүшесі бар. Қазақ та оқығысы келеді. Қазақ алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүріп жатқан жоқ. Оқиды, керегін алады, керек емесін өз ой-өресінің сүзгісінен өткізіп алады. Сондай сүзгісі бар адамдарға арналған кітаптар олар. Олар өз бағасын беріп те жатыр. Іздеп жүріп оқып жатыр.
Нені болса да сынауға кім болса да құқылы. Осы сауатты-ау, осының білімі жетік-ау деп жүрген кейбіреу осындай сын үстінде олай емес екенін де көрсетіп жатады екен. Ол да жақсы! Шын мәнінде кімнің кім екенін тануға мүмкіндік береді.
Айтпақшы,«Мазмұндамада» көпшілік оқырман қауымға арналған кітаптар көбірек. Оқи жүріңіздер.
Демалыста демге қоса, ем алып, жақсы боп келем. Ойлар маза бермейтіні болмаса, бәрі жақсы!

Бану Даулетбаева

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 657    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.01.2021, 21:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 09:52
    Өлім оған - Бостандық
    31 Желтоқсан 2020
    Кто бинабат?
    17 Желтоқсан 2020
    Жігіттер, мал болмайық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31