Сен тұр - мен айтайын!

Қазақ əдебиетінде неге ақын көп? Себебі, қолдан өлең құрастыруды меңгергендер көп

  • Қазақ əдебиетінде неге ақын көп? Себебі, қолдан өлең құрастыруды меңгергендер көп

    Қазақ əдебиетінде неге ақын көп? Себебі, қолдан өлең құрастыруды меңгергендер көп

Гүлнəр Салықбай "Маған ұйқасы əдемі өлең емес, шынайы өлең ұнайды. Шынайы өлеңді бəрінен жоғары қоям" деп еді. Сөзбе сөз ұмытып қалдым, бірақ ойы осыған саяды. Шын мəнінде, өлеңнің техникасын жақсы меңгерген адамға əдемі сөзбен өлең жазу қиын емес қой. Қолдан құрастырылған өлеңді бірден байқауға болады. Оқи алмайсың. Ал шынайы өлең жүрегіңе жетеді. Қазақ əдебиетінде неге ақын көп? Себебі, қолдан өлең құрастыруды шебер меңгергендер көп. Серік аға Ақсұңқарұлының "Ресейде халық санына шаққанда біздегідей ақын көп емес. Ондағы өлшеммен қарасақ біздегі ақын боп жүрген біраз ақын ешкім болмайтын еді" деп еді. Келісем. Сөзбе сөз ұмыттым. Серік аға əдемі айтып еді. Бірақ негізгі мағынасы осыған саяды. Серік аға - ақынның образын жасамайтын, еркін, қалыпқа сыймайтын ақын. Ақынның образын жасайтын пенделерден шаршаймын.

Жас ақындардан Ұмтыл Зарыққанның өлеңдері ұнады. Екі-үш күн бұрын Файзулла Төлтайдың бір өлеңін оқыдым. Ұнады. Адам ерекше өлең жазуы үшін болмысы ерекше болуы керек. Маған жақсы емес, ерекше өлеңдер, ерекше ақындар ұнайды.


Аягүл Мантай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 915    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.11.2019, 12:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31