Сен тұр - мен айтайын!

Қазақ қыздарына жаным ашиды, әсіресе шетелдікке тұрмысқа шыққан

  • Қазақ қыздарына жаным ашиды, әсіресе шетелдікке тұрмысқа шыққан

    Қазақ қыздарына жаным ашиды, әсіресе шетелдікке тұрмысқа шыққан

Қазақ қыздарына жаным ашиды, әсіресе шетедікке тұрмысқа шыққан. Өткен аптада ақтөбелік бір келіншек звандап көмек сұрады. Түрікке тұрмысқа шыққан, екі баласы бар, енді ажырасу үстінде. Сөйтсе, әлгі түрік келіншектің өз ақшасына келген дүниеге иелік еткісі келіп сотқа беріпті. Арасында неке келісім шарты болса да Қазақстанның сыбайлас сотын сатып аламын деп ойласа керек. Кей адвокаттардың ақшаға арын сатқаны сонша, байғұс қызға келісе сал деп "ақыл" айтыпты. Содан таныстарды іздеп, халықаралық құқық бойынша, еліміздің неке және ажырасу бойынша мықты адвокатты тауып сөйлестірдім. Көзіміздің ашылғаны сонша, ақша үшін өз азаматын, аяулы қарындасын сатып жіберуге дейін баратын адвокаттар бар екеніне қаным қарайды.
Ал, біздің қазақ қыздарына келетін болсам, шетінен пысық, нантабар, бір емес бірнеше отбасыны асырай алатын алғырлығына риза болдым. Бірақ, махаббат деп сеніп қалмау үшін өте білімді болу керек. Түрік түгіл, жалпы қазаққа тұрмысқа шықсаң да сақ болу керек. Себебі, сүйем-күйем деген адамның бір сәтте-ақ өзгеруі мүмкін.
Ал, төмендегі дүниелерді біліп жүрген жөн:
- егер тұрмысқа шығар алдында дүние-мүлкіңіз болса, ол дүниеге жарыңыз үлес ала алмайды;
- неке қиған соң ортақ мүлікті өз қаржыңызға алсаңыз, міндетті түрде неке шартын нотариуспен жасаңыз, немесе дүниені ата-анаңыздың не бауырыңыздың атына жаздырып қойыңыз;
- дәм-тұзыңыз жараспай ақыры ажырассаңыз, арада 1-2 бала болса, келіншек 50% түгілі 70% мүлікті иелік етуге сотқа бере алады;
- егер балаңыз 3 жасқа келмей ажырассаңыз сіз алиментті тек балаға емес, өзіңізге де талап ете аласыз, себебі сіз бала күтіміне байланысты үйдесіз;
- сосын құқықтық кеңес алғанда бірнеше адвокат пен заңгерге жүгінгеніңіз дұрыс;
Арамызда тәжірибелі заңгер, адвокаттар болса өз кеңестерін қоса отырса. Бұл оқиғада бәрі жақсы аяқталады деп үміттеніп отырмын.




Көрілген: 2081    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.09.2021, 13:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30