Сен тұр - мен айтайын!

Қазақстан мұғалімдерінен ҮНДЕУ

  • Қазақстан мұғалімдерінен ҮНДЕУ

    Қазақстан мұғалімдерінен ҮНДЕУ

Қазақстан Республикасының ақпарат және қағамдық даму министрі Д. Абаевқа

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Askhat Aimagambetovке

Қазақстан мұғалімдерінен ҮНДЕУ

 

Еліміздегі қазіргі жағдайға байланысты ҚАШЫҚТЫҚТАН оқыту туралы ұсыныс көтеріліп жатыр. Қазіргі мектеп, мұғалім оған дайын ба? Ерте ме кеш пе бұл әңгіме әлі де қозғалады.

 

Мектеп оқушылары мен мұғалімдерден үйінде компьютер бар ма? Смартфон бар ма? Интернет бар ма? Деген тақырыптарда есеп жиналып жатыр. Министрліктің жариялап жатқан сайттары, онлайн оқыту платформаларына кіруге оқушы да, мұғалім де дайын емес! Сайттардың өз сұраныстары (требования) бар. Мысалы білім ландты алайық. Сағадиевтың кезінде ол қатқыл дискке салынып таратылды. Кейіннен дисктер қайтарылып алынды. Онлайнға көшті. Оны пайдаланатындардың аудиториясы аз. Ол ресурстармен үйде отырып мұғалім де, оқушы да дайын емес. Өйткені елдің барлығында интернет, компьютер, смартфон қолжетімді емес. Бәлкім сылтау деп айтар. Жақсы айтсын. Бірақ шындығы осы. Интернетсіз отырған жерлер бар. Ертең онлайн кіргізе қоймадың, өтпедің деп қудалау, ақша қию басталады. Сондықтан осы бастан бұл мәселені шешіп алғанымыз абзал. Менде мектепте тікелей эфирде қай программа болсын сабақ өткізуге мүмкіндік бар, оқушыларды оны қабылдайтын мүмкіндік жоқ! Қазақтелекоммен де билайн операторларымен алысып жүргенімізге бірнеше жыл болса да мәселе шешімін тапқан жоқ. Бәлкім мұғалім жалқау шығар деп ойлайтындар да бар. Біз қолда бар мүмкіндікті пайдалану керекпіз. Осы орайда оқушыларға ақпарат таратуға бірден бір тиімдісі ВАЦАП желісі. Сурет түрінде, болмаса жеке хабарлама етіп жазып жіберуге болады. Электронды почта арқылы, онлайн сабақтар дайын платформада өткізу мүмкін деген әзірге УТОПИЯ. Күнделік кзеттің платформасы интернет нашар болса ашылмайды. Ішінде жүрген практик ретінде оны анық айта аламын, керек десеңіздер дәлелдей аламын. Астана мен Алматының іргесіндегі ауылдарда интернет жоқ болған соң алыстағы мектептердің жағдайын сұраудың қажеті жоқ. Мұғалімдердің, оқушылардың көбінде жеке компьютерлер жоқ. Сондықтан алдымен техникалық жағын сынақтан өткізіп көруіміз қажет. Интернет жылдам жасайтын жерлер өздері шешсін.

 

Бізде интернет жылдамдығы өте баяу болғандықтан (0,35 кб/с-0,50 кб/с) мынандай ұсыныс бар:

1. Вацап желісінде оқушыларды топтарға бөліп оқыту жеңіл, тапсырма бергенге ыңғайлы. Сондықтан оқушымен жұмысқа әзірге ең қолайлысы ВАЦАП. Кері байланысқа да барлығына да жылдам. Оқушының ата-анасының смартфонынан (интернет нашар болған жағдайда да) кіруге мүмкіндігі бар.

2. Республикалық телеарналардағы қажетсіз концерттік, қалаулым деген сияқты бағдарламалардың орнына оқушыларға қосымша теле сабақтар жүргізілсе дұрыс. Кері байланысты мұғалімдер қадағалап өздері түзетеді.

3. Тіпті ештеңе болмаған жағдайда интернет ұстамаса да жай телефон, мобилді желі ұстайтын жерлерде группалық сөйлесу мүмкіндігі жасалса?

4. Бүкіл Қазақстанның ауыл қалаларына интернетке мониторинг жасаңыздар.

5. Барлық мүмкін жағдайларды қарастыруларыңыз қажет.

Meirzhan Temirbek
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 687    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.03.2020, 11:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30