Сен тұр - мен айтайын!

Қазақстан тәуелсіздік алғалы ондай қаржы жұмсамаған болар қорғанысқа

  • Қазақстан тәуелсіздік алғалы ондай қаржы жұмсамаған болар қорғанысқа

    Қазақстан тәуелсіздік алғалы ондай қаржы жұмсамаған болар қорғанысқа

ЖЕМҚОРЛЫҚ...
Ауғанстан оқиғасы біз сабақ алуға тиіс шынайы мысал бола білді. 300 мың әскер, 30 мың арнайы жасақ, 9 мың авиация қызметкерлері жеңіліп, бытырай қашты. Неге?
Себебі шынайы жағдайда ауған әскерінің саны 300 мың емес, одан әлдеқайда аз, 80-90 мың болып шықты. АҚШ билігінен дайындыққа қаржы алу үшін әскер санын өсіріп көрсеткені анықталып жатыр. Сарбаздарды дайындауға тиіс қаржылардың барлығы қайда кетті? Жартысы генералдар мен шенеуніктердің қалтасына емес пе?! 88 млрд доллар қаржы бөлінген Ауғанстан әскеріне. 88 млрд доллар! Қазақстан тәуелсіздік алғалы ондай қаржы жұмсамаған болар қорғанысқа. 888 млрд доллар бөлінсе де жеңілер еді. Себебі ол қаржыға генералдар мен шенеуніктер Дустумның үйіндей сарайлар салып, қатын алып, алтын автомат ұстап, күміс қылыш соқтырар еді. Шындық.
34 аймақтың басым бөлігінде генералдар мен аймақ басшылары ұрыссыз берілді. Көбісін алдын-ала сатып алды, кейбірін қорқытты. Кабулден министрлер мен депутаттар бір апта бұрын қаша бастады. Оларға ауған халқы да, болашағы да, туған жерде керек емес екен.
Қазақстан сабақ алатын дүние. Біздің әскердің сапасы қалай? Рухы ше? Генералдар әр сүйем жер, әр қазақ үшін қасық қаны қалғанша шайқасуға дайын ба? Қорғаныс саласындағы жемқорлық деңгейі азайды ма? Жыл сайынғы ол бойынша статистиканы қайдан көре аламыз? Арнайы жасақтарымыз ұлт үшін тас шайнап, құм түкіре ме? Ауған оқиғасы ойға батырып қойды...




Көрілген: 1708    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.08.2021, 01:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31