Қазақстан үшін бірінші орында тұратын мәселе, адам емес пе?

26 қазан 2021, 09:31

МЕМЛЕКЕТКЕ ӘР АДАМ, БАЙЛЫҚ

Кеше теледидарды қосып қалсам, бір қызықты ақпарат беріп жатыр екен.
2017 жылдан бері, Ресейде 120 тәрбиелеп түзету колоннасы ашылыпты. Москвада 200 орындық колонна жұмыс жасап жатыр. Үш жарым мыңға дейін жеткізу жоспралануда дейді.
Бұл тәрбиелеп түзету колоннасында тұратындар , адам өлтірген, ұрлық жасаған , т.б. ауыр қылмыс жасап 20 жылға дейін сотталған жандарды да, қабылдапты.. Өтеу мерзімдерінің жартысынан асасын өтегендер екен көпшілігі. Жақсы тәртібі, жұмыстағы жетістігіне байланысты осында ауыстырылған.Олар арнайы жатақханада тұрып жатыр. Жатақханалары шағын хостелдерден бір кем емес. Әркімге жеке төсек, шкаф берілген.Осы жерден жұмысқа барып, демалыс күндері қыдырып келуге құқылы екен. Барлығы дерлік құрлыста , заводта арнайы мамандықтары бойынша жұмыс жасайды.Тамақтарын арнайы ас бөлмесінде өздері дайындап, қалаған тамағын дүкеннен өзі барып алып келеді. Бөлме , төсек тазалығынада өздері қарайды. 35- 40 мың руб-ден айлық алады. Жақын жерде тұратындары жеке машинасымен үйіне барып келуінеде болады.
Мемлекеткеде пайдалы, жеке адамға да тиімді . Жалдамалы жұмысшы емес, өз азаматы сотталған болсада өз еліне қызмет етуде. Көпшілігі сирек мамандар екен.
Қазақстанда, осындай орындар, колонналар бар ма екен деп, ойладым ?
Тілім , елім деп түрмеге түскендерді осындай колоннада ұстаса болмай ма, өлімше болғанша ұстап отырмай. Әлде болмайды ма?
Мемлекет байлығы адам емес пе? Халық саны, қазақ саны аз Қазақстан үшін , бірінші орында тұратын мәселе, адам емес пе?
Кім білсін, әлде менің ақылым қысқа ма?

Жаркын Утешова

Фейсбуктегі парақшасынан