Қазақты "көгілдір,қызтеке т. б." деп зерттеу материал жазыпты
Шетелде оқып келгендердің нені, қалай оқығанын білмейміз. Шетелде оқыған деп аузымызды ашып қараймыз. Алған білімі ел кәдесіне жараса деп тілйміз,үміт артамыз әйтеуір. Рас қой.
 
Өткенде сондай бір жас маман маған өзінің әлеуметтану тақырыбында жазған зерттеу материалын көрсеткен еді. Оқып отырып, жүрегім зырқ ете қалды. Қазақстанды, қазақты білмейді,салт-дәстүр, өмір сүру дағдыларынан бейхабар адамның қазақтың әлеуметтік мәселелерін  шетелдік әдебиеттерді оқып, талдау арқылы ой түйіп жазуы дұрыс емес деп қалдым. Өзіне де айттым.  
 
1-шіден, ол "интернационалдық тұрғыдан қарағанда елде жүзден астам басқа ұлт бар және демографиялықсім жоқ және "көгілдір,қызтеке т. б." жыныстық ауытқуы барлар көбейіп бара жатыр, сондықтан қазақты құрып бара жатқан аз халық" депті. Баяғы санаға сіңген кеңестік идеологияның салқыны Болашақпен оқып келген деп үміт артқып жүрген озық ойлы жастарымыздың бойында екен. Ең әуелі ел ішін аралап, жағдайды зерттеп жазуың керек қой дедім.  Мемлекет құраушы ұлт- қазақ және оның саны әлдеқашан 70% дан асып кетті. Сондықтан Қазақстанды интернационалды ел дегенді қою керек.
 
Одан кейін жыныстық азшылық пен демографиялық өсім тақырыбын көтермес бұрын нақты мәліметтермен қаруланып алып жазу керек емес пе?!
 
Біздің елде осы мәселені зерттеп жүрген әлеуметтанушы ғалым бар ма? Айтып, сілтеп жіберіңіздерші. Мына Болашақ түлегімен сөйлесіп, бағыт берсе екен деймін де?! Әйтпесе зерттеу материалында кілең Америка мен Германия ғалымдарының еңбектеріне сүйенген екен.
 
 
 
Бақыт Жаншаева
Фейсбуктегі парақшасынан