Сен тұр - мен айтайын!

Қазақты немістің пулеметіне жалаң қол айдап, танкісіне атпен аттандырған Мәскеу еді

  • Қазақты немістің пулеметіне жалаң қол айдап, танкісіне атпен аттандырған Мәскеу еді

    Қазақты немістің пулеметіне жалаң қол айдап, танкісіне атпен аттандырған Мәскеу еді

Миым жетпейді менің. 1916 жылы "Патша жарлығына" қарсы шығып, қазақ атқа қонады. Ресей империясы зеңбірекпен атып, пулеметпен оқты қарша боратып қырып салады. Жүздеген мың қазақ опат болып, қан қақсайды. Артынша Ресей империясында азамат соғысы басталып, ақтар мен қызылдар қырқысы басталады. Ол соғыста да қазақ қырғынға ұшырайды. 1920-1921 жылдары аштық болып, миллионнан астам қазақ опат болады. Сегіз жыл өткен соң, 1928 жылы Кеңестік билік қазақтың жиған-тергенін тартып алуды бастайды. Тәркілеу басталып, оны ұдымдастыру деп қояды. Салдарынан 1931-33 жылдары қазақ өз отанында, өз жерінде ішерге ас таппай, бір үзім нан, бір түйір дәнге зар болып, қойша қырылады. Аштықтан өлген қазақтың сүйегі дала мен қырда тау болып үйіледі. Ол геноцидтен әупірімдеп әрең шығып, ұлтының тең жартысынан көбін жоғалтқан қазақтың 1937-38 жылы зиялысын атады, хат танығанын асады. Осынша сұмдықты жасаған Мәскеудегі кееңстік билік болатын. Бірақ үш жыл өткен соң, Германия КСРО-ға басып кіреді. Сәл сәтте Мәскеудің бұйрығы бойынша миллиондаған қазақстандық, оның ішінде 600 мыңнан астам қазақ "Ұлы Отанымызды қорғайық" деп соғысқа аттанады. Қалай? Қалайша? Миым жетпейді. Жарты ғасырға жуық қыру-жою саясатын ұстанған Мәскеуді 41-дің қысында қалай жан аямай қорғады?
Менің атам Қасенғали марқұмда сол соғыста қаза тапқан. 1942 жылы. Бірақ ол мен үшін мақтаныш емес. Атам марқұм идеологияның құрбаны деп ойлаймын. Барлық сол соғыста қаза тапқан қазақтар мен үшін дәл солай. Идеология құрбандары. Бұл соғыстың ақиқатын осылай айтпай, біз Ресейдің қазіргі идеологиялық ықпалынан құтыла алмаспыз.
ПыСы: Негізінен бұл соғыстың бізге қатысы шамалы еді. Сталин мен Гитлер атты қос тиранның бақталастығында миллиондаған адам мен жүздеген ұлт қара жамылды. Бұл Ұлы Отан соғысы емес, Кеңес-Герман соғысы! Бұл соғыста қаза тапқан барша қазақ Идеология құрбаны. Жандары жәннатта болсын. Бұл соғыстағы неміс жауынгерлері бізге жау болмады. Олар тіпті қазақ атты ұлттың барын да білгеніне күмәнім бар. Біздің қазақты немістің пулеметіне жалаң қол айдап, танкісіне атпен аттандырған Мәскеу еді. Бұны ашық айту керек. Рухани жаңғырғың келе ме, ендеше осының ақиқатын айтудан бастайық. Пост Германияны жақтау, КСРО-ны даттау емес. Ардагерлердің көзсіз ерлігіне күмән келтіру де емес. Постта қалайша сонша қиянат жасаған, қырған Мәскеу үшін қазақ жанын салып соғысқан. Соған таңдану, себебін білуге ұмтылу ғана. Келіспеуге құқылысыз.

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3055    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.05.2021, 02:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30