Сен тұр - мен айтайын!

Қазақтың ер азаматтарының мына жағдайы менің жаныма қатты батты

  • Қазақтың  ер азаматтарының мына жағдайы менің жаныма қатты батты

    Қазақтың ер азаматтарының мына жағдайы менің жаныма қатты батты

Жанға батқан бір жай бар

 

Бүгін екі кештің ортасында жұмыстан үйге асығып келе жаттым. Өзім тұратын он қабатты үйдің жанында тұратын қоқыс салатын контейнердің жанынан өтіп бара жаттым. Екі ер адам сол қоқысты қопсытып жатты. Екеуі де қазақ, жастары көп болса 35-40тар шамасы. Ойладым картон жинап жатқан шығар деп, қазір картон қораптарды қабылдайтын будкалар бар, кіләсіне таза ақша береді. Бірақ көзіме жайсыз нәрсе түсіп жүрегім зырқ етті. Екеуі тамақ қалдығын жеп жатты. Бірі қарбыздың қабығын аштықтан асыға ауызға тықпалағанын көріп " таста, жеме, олай етпе" дедім де, дереу сумкамнан әмианды алып, ішіндегі қалған 600тенгені біріне беріп жатып:

 

- Мынаған нан алып жеңдер, тастаңдар. Сендер қазақтың жігіттерісің ғой, неге сондай жағдайға жеттіңдер, тек арақ ішпей нан алыңдаршы- дедім. Қазіргі кезде ақшаны банкоматта ұстайсың, әмиян деген жәй қалды емес пе, сувинер ұқсап.

 

- Рақмет!- деп маған жақын тұрғаны ақшаны алды. Өздері алқаштарға ұқсамайды, киімдері бүтін, бірақ кір, ашыққаннан амалсыз қоқыстан ас жеуге барған да шығар.

 

Ішім алай-дүлей болып кетті, сөйлеуге зорға шамам жетті, көзімді жас бұлдыраттып, әрең шыдап тұрмын. Олар сол заматта қоқыс жәшіктің жанынан кетіп қалды. Қайда кетті білмедім, артыма қарасам жоқ екен.

 

Мен оларға ақыл айтып данышпан болғым келмеді, оларды осы жағдайға жетуіне не себеп болғанын білмеймін ғой, білмей тұрып не дейін. Ішіме шоқ түсіп кеткендей. Қазақтың ер азаматтарының мына жағдайы менің жаныма қатты батты. Астанадағы "Астаналық" базар айналасында жұмыс сұрап тұрған ер азаматтар көп, олардың көбі қазақ, елдің түкпір-түкпірінен келіп жұмыс жасайтындар да қазақтар. Бәрі күнде жұмыс тауып отыр ма, әлде жұмыссыз жүр ма, оған ешкім басын қатырмайды. Бұрынғы тоқырау замандағыдай үш күн жұмысқа шықпағанды іздеп жұмыс тауып беретін өкімет бар ма?

 

Жығылғанға жұдырық дегендей мына індет тоқтар емес, елдің көбі жұмыссыз. 42500 тг алып үйде отыра бер деген өкімет бәріне беріп отыр ма? Алалаған сайқал саясаттың кесірі, көмекті алғаннан алмаған көп.

 

Күнде жолдау мен болжау, құр бітпейтін сөздер, мына елге нақты өзгеріс болмаса елдің алдағы жағдайы не болады, кім білсін.

 

Ұлжан Шайхиева
Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 4091    Пікірлер: 0

жұма, 04.09.2020, 14:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31