Сен тұр - мен айтайын!

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙ ЖЕРІНЕ ҚЫЗЫҒАДЫ?

  • ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙ ЖЕРІНЕ ҚЫЗЫҒАДЫ?

    ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙ ЖЕРІНЕ ҚЫЗЫҒАДЫ?

Осы «қазақы бала бала емес» деген сөзді шығарған қай антұрған екен? Қай антұрған болса да, орысқа бағынып жүрген кезде айтып қалған болар. Күні өткен сол сөзді неге ұмытпай жүргенімізге қайранмын. Одан да жаманы, қисыны келсін келмесін айтудан шаршамайтынымыз. Әйтеуір өзімізді төмен санап, өзгені өсіріп қоятын әдетіміз бар. Мысалы өзбекті қай жағынан да мықты деп мақтаймыз. Мақтаса, мақтағандай-ау! Өз тілінде сөйлейтін тілі қандай, өсіріп қойған өсімдігі қандай, жайнатып қойған жемісі қандай, сапырып істейтін саудасы қандай!

Алайда сол өзбектер де біз сияқты өздерін тұқыртуға шебер екен.

Жақында бір өзбекпен әңгімелестім. Зейнетке шыққан полиция майоры. Сол майор бізге – қазаққа қызығып отыр.

– Қазақ рухы биік халық, – дейді қызығып.

– Әсіресе, Теңіз кенішінде болған толқуға тәнтімін! Ай, айызым бір қанды-ау! – дейді тамсанып.

– Қайта-қайта митингіге шыққандарың қандай! Біздің ғой өзбек момын. Басын бір көтермейді, – дейді мұңайып.

Сол өзбек майор өзбектің момындығы туралы өз араларында ғана гәпіретін мынадай бір анекдотты айтып берді.

…Өзбек билігі «осы біздің халық тым момын, сынап көрелікші, қайтсе бас көтереді екен» деп, комуналдық төлемдерді қымбаттатса керек. Өзекең оған бас көтере қоймапты. Салықты көбейтіпті. Үндемепті. Тағы да сол сияқты өрескел шешімдер шығарыпты. Оған да қыңқ етпепті. Болмаған соң, бір күні кешкілік Ташкенттегі үлкен базардың бір қақпасын ғана ашық қалдырып, қалғандарын жаптырып тастапты да, халықты әлгі ашық тастаған жалғыз қақпадан құйрықтан бір-бір теуіп біртіндеп көшеге шығара бастапты. Құйрығы тебілмегендерге қорадан шығуға тыйым салған. Базар толы адамды есіктен бір-бірлеп шығарғасын не өнсін, кеш түсіп, қас қарая бастаса керек. Кей пысықтары амалын тауып, тепкіге құйрығын тосып үлгеріп, үйлеріне қарай зымырап барады дейді. Күн батып, қас қарайғанда ғана халық оянып, базар ішінде билікті қарғап-сілеген ашулы дауыстар естіле бастайды. Батылдаулары биіктеу жерге шығып алып, сөз сөйлеуге көшіпті. Халық кәдімгідей толқып, наразы екенін анық білініпті. Сонда сынақты ұйымдастырушы билік адамдары: «Ал олай болса, талаптарыңды айтыңдар, құлағымыз сіздерде» дейді ғой не дер екен деп. Сөйтсе топтың арасынан суырылып шыққан біреуі: «Құйрықтан тебуге неге жалғыз-ақ адам қойдыңдар? Бір базар халықтың құйрығын теуіп шығуға бір адам қалай үлгереді? Кеш болса түсіп кетті, неге оншақты адамды қатар қойып тепкізбейсіңдер?» депті езеуреп. Соны естіген билік адамдары бастарын еріксіз шайқап, үйлеріне түңіліп қайтыпты деседі.

Өзбек майордың анекдоты мінсіз болса да, көңілім сене қоймады. Өзбек соншалық сорлы халық емес сияқты еді. Сірә, оларда да өздерін тұқыртып сөйлейтін антұрғандары бар боп тұр ғой.


 


Нұрлыбек САМАТҰЛЫ

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2484    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.10.2019, 10:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30