Сен тұр - мен айтайын!

Қазақтың қазіргі проблемасы неде?

  • Қазақтың қазіргі проблемасы неде?

    Қазақтың қазіргі проблемасы неде?

Қазақтың қазіргі проблемасы 90% халқының кедейлігінде. Бірақ сол халық осы кедейліктен құтылудың орнына, бүкіл уақытын, энергиясын басқа нәрсеге жұмсауда. Сіз телеарналарды, халықтың бас қосатын жерін, әлеуметтік желіні қарап, оқып көріңізші экономиканы түзету, экономикалық даму, болашақтың білімі жайлы 1% әңгіме айтылмайды. Әңгіменің бәрі тарих, мәдениет, өнер, спорт осы жайлы келісесіз бе?

Негізінде адамның назары қайда ауса, сол назары түскен жер өседі. Егер назарымызды білімге аударсақ біліміміз толыға бастайды, болмаса барша назарымызды, күш - жігерімізді денсаулығымызға салсақ, денсаулығымыз нығая түседі.

Дәл сол сияқты қазір Қазақстан халқының талқылайтын, оқитын, бар күш - жігерін салатын назары қайда болу керек? Меніңше - экономикада. Өйткені, біздің халқымыздың 80-90%-ы десек өтірік емес, қаржыға тәуелді, кедей.

Бізде кім бай? Тек қана халық бай қылған адамдар шенеуніктер, әншілер мен шоумендер. Халық сол бар тапқан тиын - тебенін жинап, соларды байытып отыр. Ал, халықтың 90%-ы кедей.

Сондықтан осы 90% халық Экономикалық сауаттылығын арттырып, қандай білім алған кезде, қандай кәсіппен айналысқан кезде, біз бай боламыз, экономикалық жағдайымыз түзеледі осыған назар аудару керек.

Сондықтан менің сіздерге айтар өтінішім - экономикалық сауаттылығызды арттырайық. Сен тв арнасында үнемі осы экономиканың моделі, даму моделі, не дұрыс, не дұрыс болмай жатыр осы жайлы бүкіл халық ойласа, талқыласа.

Ән, спорт керек дегендерге, жағдайымызды түзетіп, аяғымыздан нық тұрып алайық. Сосын бізде әнде, спортта, күйде, тарихта, өнерде бәрі де болады. Келісесіз бе?

Келіссеңіз Сен тв анрасын бақылып жүріңіз мен жақын күндері "Экономикалық сауаттылық" жайлы бағдарлама ашамын.

Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1095    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.05.2020, 10:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31