Сен тұр - мен айтайын!

Қазіргі блогерлер мен психологтар адамның миына атака жасап жатыр

  • Қазіргі блогерлер мен психологтар адамның миына атака жасап жатыр

    Қазіргі блогерлер мен психологтар адамның миына атака жасап жатыр

"Күйеуге қашан шығасың/үйленесің?", "Қашан көтересің/келін көтереді?", "Айлығың қанша"? деген сұрақтарды доғармайынша, бізді мәдениетті деу қиын.
Себебі бұл да бір, "қашан өлесің?" деу де бір ғой, #жауабынешкімбілмейді.
Біреу айтады дейді, "өлетінімді білгенде, өлмей қалар едім ғой" деп. Сол сияқты элементарный осындай нәрсеге ақылымыз жетпей жатып, қалай біз біреуге ақылы түрде ақыл үйретеміз?)))
Қазір инста тола үйреткіштер, айтуларына сенсең, үш күнде өзге тілде сайратады, енді бірі сүреңсіз өміріңді жайнатады. Біреуі бастағы миыңды "көбейсе", енді бірі іштегі "қиынды" азайтады (детокс). Сонда қалғанымыз ақымақ, түк білмейтін, тек ішіп-жеуді ғана біліп, семіріп алған секілдіміз. Айналайындар-ау, жаппай бәріміз ақылды боп, үйде жатып ақша табуды үйреніп алсақ, онда жұмысты кім істейді: ауруды кім емдейді, баланы кім оқытады, жолды кім салады, үйлерді кім тұрғызады, осыларды қатты уайымдағаннан әлгілердің курсына қатыспай жүрмін деп па?)) Сіздерге де не советую.
Шындап келгенде, өмірді тек ақшамен өлшеу - зор қателік. Қазіргі блогерлер мен психологтар адамның миына "ақылың болса, неге кедейсің?"деген атака жасап жатыр. Кәдімгідей ұрысады. "Жақсы болса жүре бер сүмеңдеп азанды-кеш бір айлықтың соңында" деп. Кәдімгідей ойланып қаласың. Тіпті намысың қозғаны сонша, сол сәт қызметіңді тастап, солардың соңынан кеткің кеп қалады. Әрине, сөздерінде жан бар, егер бос селтеңдеп, өз соқпағыңды таппай жүрсең. Онда ойлану керек, өз нишаңды табу үшін кірісу керек, кез келген идеяға. Алайда қоғамға қажет маман бола тұра, оныңды тастай сала, жақсы ақша табады екенмін деп, әлгі пысықай психологтарға еру барып тұрған ақымақтық.
Өйткені Отанды қорғау, ортақ мүддеге қызмет секілді ұғымдар бар. Ол міндетті түрде қолға қару алып соғысу емес, қоғамға қажет маман болу арқылы да, Отанға үлес қосуға болады.
Күні кеше пандемия, әркімді, әр нәрсені өз орнына қойып, тіпті біздің осыған дейін оңбай тұрған тұсымызды ойып тұрып, көрсетіп берді емес пе? Отыз жыл бойы әншілер мен тамадалар секілді тойдың айналасындағы ұрпақ тәрбиелегенімізді, есесіне медицина ақсап, білікті маман жетіспей, соның кесірінен талай игі жақсыларымыздан айрылып қалғанымыз ащы да болса, шындық қой? Міне, ақшаға қызмет етудің соңы неге апарды? Бірақ біз болып жатқан нәрседен әлі де сабақ ала алмай отырмыз: өзгерген ештеңе жоқ. Тек баяғы ақшаны күреп табатын әнші, тамадалардың орнын блогерлер мен психологтар басты. Онлайн отырып, өз бидайымызды өзімізге қуырып беретін. Әңгімелерінің сиқы: "Сен бүйтсей, қайық сатып алсай", "қарның ашса, нан же" деген Туканың сарказмдары сияқты. Соған еріп, бар ақшасын беріп жатқан жұртқа ішім ашиды. Әрине, байып жатқандар бар, бірақ олар елге ештеңе беріп жатқан жоқ, керісінше топастандырғаннан басқа. Сондықтан бізде "Әлеуметтік желіні бақылау туралы" заң қабылдау керек! Бұл бір жағы осындай бейберекет ақша тауып, точнее елдің қалтасын тонап жатқандарға тоқтау болар еді, екіншіден, қауіпсіздік тұрғысынан да біраз нәрсенің алдын алар еді. Әйтпесе біздің интернет кеңістік барынша ашық-шашық жатыр. Ол өз алдына бөлек әңгіме...

Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1754    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.04.2021, 22:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31