Келер ұрпақтан ұят болмасын десек, сөзді ауыстырған абзал

11 мамыр 2022, 09:29

28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта «Даңқ» монументі тұр. Іргетасы 1975 жылы қаланған. Егер, байқасаңыздар осы ескерткіштің төменгі жағында «Велика Россия, а отступать некуда — позади Москва!» деп жазылған. Авторы политрук Клочков делінген. Тәуелсіздік алғалы 30 жылдан асты. Жә, осы аралықта идеологияға жауаптылар қайда қараған демей-ақ қоялық. Тек енді, Ресейді ұлықтаған бұл көзге күйік сөйлемнің орнына панфиловшылардың қатарында соғысып, ерлік пен өрліктің үлгісін көрсеткен, қазақтың біртуар батыр ұлы Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс — күймейсің» немесе «Ерлік - табиғат сыйы емес, саналы әскери тәрбиенің жемісі. Отан алдындағы қасиетті парызыңды орындау үшін адамзаттың ең асыл сезімімен жігерленіп, өзіңді саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі» деген нақыл сөздерін қазақ тілінде алтын түстес әріптермен көмкеріп, жазса болар еді. Ескерткіштің әрін де, мәнін де, бұзбасы анық. Келер ұрпақтан ұят болмасын десек, сөзді ауыстырған абзал.


Алмат Әбдіраман

Фейсбуктегі парақшасынан