Сен тұр - мен айтайын!

Келін сен тірлік істеме, одан да "құдаларды құлат"...

  • Келін сен тірлік істеме,  одан да

    Келін сен тірлік істеме, одан да "құдаларды құлат"...

ҚҰЛАТУ

Бұрындары қонаққа тек келіндік қызмет атқаруға шақырушы еді, бүгінде  " құлатуға" шақыратын болыпты.  Күйеудің ауылдағы ағайынына оқта-текте барып тұрамыз. Сол себепті шығар, туыстарының кейбіреулері мені,  мен біразының аттарын естігенім болмаса,  өздерін танымаймын, тіпті өмірімде көрмеген екенмін.

 

Бір күні үйдегінің туыстары құдалық өткізбек болып,  бізді "арасында болыңдар"  деп сонда шақырды. Барсам,  үлкені бар,  кішісі бар,  бүкіл әулеттің келіні мұрнынан сүрлігіп, қазан-ошақтың басында тірлік істеп жүгіріп жүр екен. Менің келгенімді көрген әулеттің үлкен апасы:

&mdash Келін сен тірлік істеме,  одан да "құдаларды құлат"  деп біртүрлі  деп тапсырма  берді. Бәленің бәрін түсініп тұрсам да, қылжақбастығыма салып

-Құлатқаны несі?  Ұрып құлату керек пе әлде,  шалып құлату керек пе -деп қоямын.

- Тұқымың өскір-ай. Ішкізіп құлатасың да. 

-Ой апа мен ішпеймін ғой!

 Кібіжіктей бергенім сол,

-Әй келін балтай-шалтай незнаю. Құлат деген соң құлат довай - деп қысқа қайырды.

 

Қайнапаның айтқаны заң. Содан,  түрі таныс емес кісіні құда болу керек деп шамалап, шөлмегіммен стаканымды ұстап алып, әлгінің  жанына жайғасып, тәтті тілмен баурап,

- ал құда алып қойыңыз, ал құдеке алып қойыңыз -деп қолқалай беріппін.

Жап-жас келіншек қиылып тұрған соң қойсын ба, ұсынғанымның барлығын қотарып, әжептеуір қисалаңдап мас болып қалды әлгі.

 

До конца ішкізіп,  көлікке салып жіберетіндей етейін мен мұны. Арасында билетіп, артынан ішкізіп, қолтығынан ұстап алып ары-бері  сүйреп жүрсем, ооо тоба сонадайда әлгі апам оқты көзімен атып қарап тұр екен.

Тыныштық болса жарар еді.

 Жанына 180-мен жетіп барсам.

Апам; - әй ғыз құданы ішкіз десем, қайнағаңды ішкізіп жібергенің не?-деп төбемнен жай түсіргендей қойып қалмасы бар ма?

Қайнағасы несі?

- Әй сенің сүйреп жүргенің қайнағаң ғой!

&mdash Қойыңызшы құда қайда сонда?

&mdash Отыр әне сап-сау.

О тоба!&mdash бұл қай қайнаға еді?

 

Сөйтсем, атамыздың жеті атадан тараған ауылдас ағайынының бірі екен. Ол да бұрын мені көрмеген, баста орамал жоқ,  құда жақтан келген құдаша -  деп ойласа керек, іш деген сайын ұра берген ғой.

Қарауға бет жоқ.  Алды-артыма қарамай, құдалықтың аяқталғанын күтпестен, зыттым-ай келіп.

Бетім-ай-бетім-ай, оның арасында зря кеткен мақалдарды айтсайшы.

Құда мың жылдық, күйеу жүз жылдық,

Қыз бергеннің назы бар құда алып қойыңыз.Ұят -ай,  қай бетімді шымшиын?

 

Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4055    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 08:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі
    30 Қазан, 08:53
    АНАМ КІМГЕ КЕРЕК?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30