Сен тұр - мен айтайын!

КЕШІР БІЗДІ туған жердің тастары…

  • КЕШІР БІЗДІ туған жердің тастары…

    КЕШІР БІЗДІ туған жердің тастары…

КЕШІР БІЗДІ туған жердің тастары…
Ежелгі Иераполис, көне Лаодикия, тылсымы көп Каппадокияны аралап жүргенде көкейге келгені осы ой болды.
Әр ескерткішін әспеттеп қойған ғой түріктер. Римдіктерден византиялықтарға, одан османдардың қолынан өткен таңғажайып мұраларда ғасыр табы бар. Бүлінген, құлаған, жер сілкіністерінен жұрнағы қалған, бірақ біздегі А+Ж, жер-су, ру аты жоқ. Бір тастан таңба көрсең ол да ежелгі жазу.
Түркия десе all inclusive сервисі мен ғажайып теңізін ғана елестетеді көбі. Ал тарихына бойласаң тереңіне сүңги бересің.
Мысалы, мына екінші видеодағы Лаодикия. Ежелгі гректердің курортты қаласында сәулетті амфитеатр да, бай-бағыланы демалатын курорты да болған. Құбыр жолдары сайрап жатыр. Қақпасы қасқайып әлі тұрған бір үйдің орнына кіргенімізде әр бөлмесі, жуынатын жеріне дейін көзге оттай басылады. Бұл антикалық қала Памуккале мен Денизлінің екі ортасында орналасқан. Туристер қаптап жүретін Памуккаледей емес, тыныш, аумағы үлкен, тасбақа мен кесірткесі кердең қағып жүретін тылсымы көптеу мекен. Көңіліңіз көнені көксеп, қиялыңызға ерік бергіңіз келсе баруға кеңес беремін.
Түркия кереметтері мұнымен таусылмайды. Әсеріммен асықпай, шетінен бөлісемін. Жаңа постымды күтіңіз, ал мынаған  басып, пікір қоссаңыз қуанып қалар -ем




Көрілген: 1632    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.09.2021, 00:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31