Сен тұр - мен айтайын!

Кешіргісі келмеу – үлкен қасірет

  • Кешіргісі келмеу – үлкен қасірет

    Кешіргісі келмеу – үлкен қасірет

 Кешіру – бәріміз үшін қиынға соғатын әрекет. Кешіре алмау арқылы біз өз жолымызды өзіміз жабамыз. Және ол ұзақ жылдарға созылады.


Өзімізді кешіруді және жанымызға жазылмас жара салған адамдарды кешіру – тозақтан құтқаратын жалғыз жол екенін түсінуіңіз керек. Ол үшін не істеу керек? Кешіруді үйренбек мағзұм. Қалай?


Сіз кешіре аласыз. Ол сіздің қолыңыздан келеді. Кешіру – ең алдымен өзіңді жақсы көру үшін қажет. Ол жүрек құлпын кілтсіз ашады.


Егер сіз өзіңізді жек көрсеңіз, онда сіз «кешіре алмайтын» төмен деңгейде қалып қоясыз. Көпшілік адамдар жылдар бойы зіл-батпан өкпесін ап-ауыр қылып арқалап жүреді.


Өзімізге жасалған әділетсіздікке 100 пайыз сенімділікпен өмір сүреміз. Осы 100 пайыз сенімділік сізді «түсініктер түрмесіне» түсіреді. Біз өзіміз дұрыс деп шешкен түсініктер мен пайымдарымызға «қамалып» қаламыз. Бірақ сол түсінікте қатып тұру бізді бақытты етпейді.


Әрине, сіз менің пікіріммен келіспеуіңіз мүмкін. Сіз айтасыз: «Кешіріңіз, сіз ол адамның маған не істегенін білмейсіз ғой»,-дейсіз.


Кешіргісі келмеу – үлкен қасірет. Сіз солқылдаған сыздауықтай жан дертімен өмір сүресіз. Күнде қасықтап у жұтасыз. Ол у ағзада жинақталып сізді күйрете бастайды. Өткен шақпен өмір сүрген сайын, сіздің денсаулығыз құриды. Тәуелсіз күй дегеннің не екенін ұмытып, құлдықта өмір сүресіз.


Бір нәрсені ұғуыңыз қажет. Бұны ұғу сізді кемелдікке бастайды. Адамдардың білімі, түсінігі, парасаты әр түрлі. Кез-келген пенде әр түрлі өмір кезеңінде қолынан не келеді, соны істейді.


Адамдамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайтын кісіге бала кезінде дұрыс қарым-қатынас жасалмаған. Оған бала кезінде қаншалықты күш көрсетілсе, оның жан жарасы да соншалықты үлкен. Ол сондықтан да өзгелерге сондай қарқынмен атылуға дайын тұрады.


Олардың бұл мінез-құлқы қалыпты жағдай деуге және ақтауға жатпайды. Бірақ сіз өзіңіз рухани тұрғыдан биіктеу үшін олардың жан-жарасын түсінуіңіз керек.


Сіз жармасып ұмыта алмай жүрген оқиға өткен шақта болған. Оны босатыңыз. Бостандыққа шығыңыз! Өзіңіздің түрмеңізден жарық әлемге ауысыңыз!


Егер жаныңызға тыным бермейтін оқиға баяғы бір заманда өтіп кетсе, неге сіз өзіңізді аямайсыз? Неге оны арқалап жүрсіз? Неге сіз ол оқиғаны мың қайталап басыңыздан өткізесіз?


Сізде таңдау мүмкіндігі бар. Оны сізге Жаратушы сыйлаған. Не сіз сол запыранды күнде жұтасыз. Немесе өзіңізге қайырымдылық қылып, өткен шақты, сізді күйретіп кеткен адамдарды және өзіңізді толықтай кешіресіз. Сөйтіп жарық әлемге бостандыққа шығасыз. Сол кезде ғана өмірдің дәмін сезінесіз. Риясыз күле алатын, қуана алатын жағдайға келесіз. Сізде өміріңізді қай арнаға бұрамын десеңіз, сол арнаға бұратын таңдау мүмкіндігі бар.


Өз өміріңізге тек жақсылықты ғана кіргізетін деңгейге көтеріліңіз. Өткен шақты қазбалап, уақытыңызды өлтірмеңіз. Ол еш пайда әкелмейді. Әлемге не таратасыз, сол сізге қайта оралады. Өткен шақты миыңыздан шығарып, өзіңізді қадірлеуді үйреніңіз. Сонда сізді ғажайып болашақ күтеді.




Мысалы сіз біреуді кешіргіңіз келсе, оны сол адамның алдына барып айту міндет емес. Кейде солай істегің келеді. Бірақ ол қажет емес. Кешірім – ең алдымен сіздің жүрегіңіздің ішінде болуы керек.


Кешірім, ең бірінші, өзге емес, өзіңізге керек. Ол, ең алдымен, сіз үшін жасалады. Көп адамдар өзгені шын жүрегімен кешіргенін айтып жатады. Бір немесе екі ай өткен соң, әлгі адам өзіне телефон шалып немесе электронды почтасына хат жазып кешірім сұрағанын көреді. Өзіңді кешіргенде ғана өзгені кешіру оңай болады.


Адамдарды кешіру үшін афирмациялар айтып үйрену керек. Ол сөздерді жиі қайталаған абзал. Ол мынадай сөздер:


Менің жүрегімнің есігі айқара ашық. Мен сүю үшін кешірім жолымен жүремін. Мен ойымды өзгерткенде, менің маңайымдағы әлем өзгереді. Өткен шақ аяқталды. Сондықтан өткен шақтың күші жоқ, ол маған әмірін жүргізе алмайды.


Осы шақ туралы ойлар менің болашағымды құрайды. Мен қауқарсыз, әлсіз болудан бас тартамын. Мен өзімді өткен шақтан босатамын. Бұл менің өзіме жасағын сыйлығым.


Осы шаққа қуаныш сезімімен кіремін. Үлкен болсын, кішкентай болсын махабаттың күшімен шеше алмайтын мәселе жоқ. Мен жан дертімнен жазылуға дайынмын.

Менің кешіргім келеді. Менде бәрі жақсы.


Бұрынғы өмір сүру тәртібім мені енді қамауда ұстай алмайды. Мен оларды оп-оңай босатамын. Мен керемет өмір сүремін. Жүргімді қасіреттен босатамын. Өткен шақтағы мені күйретіп кеткен барлық адамдарды кешірдім. Оларды махаббатпен босатамын.


Менің өмірімдегі барлық өзгерістер мен үшін қайырлы. Өйткені мен 18 мың ғаламды жаратқан шексіз биліктің қорғауындамын. 


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1237    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.08.2019, 20:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31