Сен тұр - мен айтайын!

Кей-кейде менің әкем де өтірік айтады екен-ау деп отырмын...

  • Кей-кейде менің әкем де өтірік айтады екен-ау деп отырмын...

    Кей-кейде менің әкем де өтірік айтады екен-ау деп отырмын...

Ес білгелі жұмыс істеп, еңбек етіп келемін. Студент кезде де, магистрант кезде де екі жерде жұмыс істедім, күндіз редакциядағы жұмысыма бардым, таңда подъезд жудым, түнде аударма жасадым. Жүкті кезімде ауруханада жатып, қарныма ноутбук қойып жұмыс істедім, бала бағып отырып та, аяғыммен коляска тербетіп, қолыммен клавиатурада әріп тердім. Иә, ел үшін, халық үшін демей-ақ қояйын (басында ондай энтузиазмның болғаны да рас, сонда да), күнкөріс үшін, басым ауырып, балтырым сыздаса қажет болар деп зейнетақы қорына ақша аудардым, тірнектеп тапқан ақшамнан салық төледім. Бірақ дәрігерден тек консультация ғана тегін алып көріппін. Тегін дәрі көрмедім. Сол уақта зейнетақы қорына аударған ақшамды бір компания (қазір атын ұмыттым) уқит болды, суқит болды деп жоқ қылды. Кейінгі жылдары жиған ақшам азын аулақ болып қалды.
Әкем "адал еңбек зая кетпейді, адалдық жақсы, адамды түбі құтқарады" деуші еді. Кей-кейде менің әкем де өтірік айтады екен-ай-оу деп отырмын. Неге "Арсыз болмай атақ жоқ, алдамшы болмай бақ қайда?" деп неге үйретпеді екен дейм...
P.S. Айтпақшы, кейін тегін дәрігерге қаралуға керек болады деп тағы ақша төлеп жүрміз. Оның қайда кетіп жатқаны да белгісіз. Тісім ауырып жүр. Ол жүйкені жейді. Жүйкем тозып барады ((


Бану Даулетбаева
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 919    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.07.2020, 11:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30