Сен тұр - мен айтайын!

Кей шенділер семіз сөйлемек болып ақымақтығын байқатып алады, ә?!

  • Кей шенділер семіз сөйлемек болып ақымақтығын байқатып алады, ә?!

    Кей шенділер семіз сөйлемек болып ақымақтығын байқатып алады, ә?!

Әкесі қызға қыры жоқ ұлын ертіп, бір үйдің қызын көруге барыпты. Қонақтың түпкі ойын біле қойған үй иесі жігіттің келбетіне разы болып, дастарқанды мол жайып, қызына қымыз сапыртыпты. Қызы да келісті екен, тек ақылы тең адамы жолықпапты. Бұлардың ықыласына тойынған әке ұлына:
- Балам, қыз керемет, әдемілеп семіз сөйле, - деп сыбырлап, сыртқа шығуға ниет етеді. Оған үй иесі де ілеседі. Оңаша қалған соң ет пен қымызға ықылық атқан жігіт қызға қадала қарап отырып:
- Құнажын! - деп қойып қалыпты. Қыз шарт етіп шапалақпен тартып жібереді, жігіттің беті тыз етеді, өзі баж етеді.
Ауылдан абыройсыз аттанған екеу былай шыққанда әкесі: Әй, қыз сонша тулайтындай не дедің? - дейді.
- Өзің ғой семіз сөйле деген, біздің қоңыр құнажыннан асқан семізді көрмеппін? - депті ұлы.
Пы.сы. Кей шенділер семіз сөйлемек болып өзінің де, үкіметтің де ақымақтығын байқатып алады, ә?!

Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2506    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.07.2021, 09:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30