Сен тұр - мен айтайын!

Кино саласын кім-көрінгеннің қолына беріп қойып қарап отыра бермеу керек

  • Кино саласын кім-көрінгеннің қолына беріп қойып қарап отыра бермеу керек

    Кино саласын кім-көрінгеннің қолына беріп қойып қарап отыра бермеу керек

Сәвет Одағы кезінде алғаш рет телебізірден «Тарзанды» көрсеткенде Тарзанға еліктеп тастан тасқа, ағаштан ағашқа секіріп, мертіккен балалардың саны күрт көбейіп кетеді. Үкімет кейін әлгі фильмді экраннан алып тастағанда ғана жаңағыдай оқыс оқиғалар сап тыйылыпты. Бұл киноның халықтың санасына қалай әсер ететінін көрсетсе керек. Кешегі полицей де сақалды басымен банда, братва деген сөздерді ойдан шығарып айтып отырған жоқ. Кітаптан да оқымағаны анық оны. Кітап оқитын адамның түсінігі сәл бөлектеу болады. Ол да кішкентай бала секілді кинодан көргенін істеп отыр. 2009 жылдары экраннан «Бригаданы» көрсетті. Сол кезде телеканалда редактор болып істеймін. «Мектептегі оқушылар киноға еліктеп, бригада құрып жатыр екен» деген хабар дүңк ете түсті бір күні. Журналистер барып білсе, оқушылар шынымен де бригада құрып алып, бір-бірімен төбелесе бастапты. Ресейліктер қазір осы киноны бұқараны тәрбиелейтін идеологияық құрал қылып керемет пайдаланып отыр. Кешегі полицейдің сөзі – солардың идеологиясының жемісі. Бізде әлі күнге дейін фильмдерді қазақша да көрсетпейді ғой. Үкіметтегілер кино саласын кім-көрінгеннің қолына беріп қойып қарап отыра бермей, бірдеме істеуі керек. Өткен жылдары үндінің, кәрістің сериалдары қаптап кетті ғой. Бір күні кештетіп әпкемнің (жездемнің) үйіне барсам, баласы сөйлеген кезде басын шайқайтын әдет шығарыпты. Шошып кеткен үйдегілер ауырып қалған екен деп дәрігер шақырмақшы болады. Сөйтсе, әлгі жүгірмек үндінің сериалдарынан көргенін істеп жүріпті. Міне, киноның халықтың санасын қалай улап жатқанына дәлел!


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 826    Пікірлер: 0

сенбі, 05.01.2019, 17:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30