Сен тұр - мен айтайын!

Көбінің ісіне қарасаң...суайттың сарқыншағы, қарақшының қалдығы сияқты

  • Көбінің ісіне қарасаң...суайттың сарқыншағы, қарақшының қалдығы сияқты

    Көбінің ісіне қарасаң...суайттың сарқыншағы, қарақшының қалдығы сияқты

Біз - жер бетіндегі ең ақылды (басы істейтін) халықпыз ғой. Ақылды болмасақ, идея ұрланатын заманда бір-бірімізге тегін ақыл айтып, бір-біріміздің дұрыс, бұрысымызды тексеріп отырамыз ба? Өзіміз жарымай жүріп, біреуге "үйде отырып оңай ақша табу жолын үйретеміз" бе, ақылды болмасақ? Біз шектен тыс ақылды болғандықтан, материалдық мол табысқа жету жолында əр алуан мастер-класс, курс, желілі маркетинг, букмекерлік кеңсе, казино, лотерея секілді көптеген нəрселерді жарыса жарнамалап, жақындарымызға "жанымыз ашып" жүр ғой ə! (Рухани толысуды ойлауға уақыт жоқ, уақыт-ақша ғой!)

Шын, кекесін емес, ақылдымыз. Бірақ, сол ақылды біреуден оңай ақша алу үшін, біреуді аяқтан шалу үшін, біреуді өзіне баспалдақ қылу үшін, біреуді алдау үшін, біреуді мұқату үшін, біреудің бизнесін, біреудің жерін, біреудің қызметін, тіпті біреудің "өмірін" тартып алу үшін санқилы айлалар ойлап табуға жұмсаймыз көбіміз. Қане, мойындап көріңіздер! Біздің тарихымызда РЕПРЕССИЯ болмағанда бəрі басқаша болар ма еді, кім білсін?!

Сөзіне қарасаң, тексіз қазақ жоқ, бірі-ақсүйек, бірі-бидің, бірі-болыстың, бірі-көсемнің, бірі-шешеннің, бірі-ақынның, бірі-батырдың, несін айтасыз, сорлы дегенінің өзі кемі совхоз директорының ұрпағы. Ал, көбінің ісіне қарасаң...суайттың сарқыншағы, қарақшының қалдығы сияқты бірдеңе. Қане, мойындап көріңіздер! Өтірік пе?!


Еркебұлан Қайназар


Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 458    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.02.2019, 17:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30