Сен тұр - мен айтайын!

Қоғамға кешірім өте ме?

  • Қоғамға кешірім өте ме?

    Қоғамға кешірім өте ме?

Меніңше кешірімнің екі түрі болады немесе жасалған қате әрекеттің екі түрі.
Біріншісі - шынайы кешірім. Әдейі, қасақана емес жасалған қателіктің кешірімі. Екіншісі - мәжбүрлі кешірім. Мойындай отырып, мастық немесе басқа эмоциялық жағдайда жасалған, бірақ қасақана әрекеттің кешірімі. Оның шынайылық пайызы төмен болады деп ойлаймын.
Соңғы кезде желіде қоғамның ашу-ызасын тудыратын видеолар және содан кейін кешірім видеолары көбейіп кетті. Тіпті алдын ала біліп отырасың, енді кешірім сұраған видеосы шығады деп.
Сондай видеолардың не қажеті бар? Нақты заң бұзушылық болса, оның жазасы бар. Ал кейін видеосын шығару кері әсер беретіні туралы неге ойланбайды екен?
Мысалы соңғы екі видеоны қарайық. Қоғамға кешірім өте ме? Керісінше хиджап тағатындар туралы жаман ойлар қалыптаса бастайды, діндарларға деген өшпенділік өседі. Басқа ұлт өкілдеріне деген де теріс ой туады, нацистік арта бастайды.
Сонда мақсат не? Қоғамның ашуын басу ма, әлде діндік, ұлттық антипатияны арттыру үшін әдейі жасалған әрекеттер ме? Саяси ойындар ма? Түсінбедім...
Жаман нәрсені неге насихаттай береміз? Заң бар болса, жазалансын. Болмаса, күшейтілсін. Ал оны жарнамалай бергеннен не пайда?..




Көрілген: 885    Пікірлер: 0

сенбі, 26.09.2020, 17:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31