Сен тұр - мен айтайын!

Қолында билігі бар адамдар әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтың несібесіне ортақтасуды қойса

  • Қолында билігі бар адамдар әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтың несібесіне ортақтасуды қойса

    Қолында билігі бар адамдар әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтың несібесіне ортақтасуды қойса

"21 мың теңге"...


Өткенде бір отырыста екі келіншек қатар отырып қалды. Екеуінің де төрт баласы бар. Балалы әйелдердің басы қосылған жерде негізгі тақырып "21 мың теңге" екен қазір.

Бірінші келіншектің тұрмысы өте жақсы. Қаланың қақ ортасында, жаңа үйде пәтерлері бар. Жалға беретін тағы бір пәтерлері бар. Күйеуі көп-көрім бизнеспен айналысады. Екінші келіншек қарапайым. Төрт баламен екі бөлмелі пәтерде тұрады. Күйеуінің шағын кәсібі бар. Бірақ, екі келіншек те жұмыс істемейді, бала тәрбиесімен үйде. Екінші келіншек "21 мыңға" ілінбепті. Күйеуінің кәсібі болғандықтан ала алмайды екен. Ал біріншісі, яғни ауқатты келіншек ілініп кетіпті! Өйткені үй де, бизнес те өз аттарында емес екен. Норвегияда тұрмаймыз, әйтпесе арнайы органға хабар беріп қоюға болар еді. Әрі, біздің түсінік бойынша мұндайды "байдың асын байғұс қызғаныпты" дейді.


***


Біздің мектепте көпбалалы отбасының балалары тегін тамақ ішеді. Жақын құрбымның да төрт баласы бар. Балалары қаладағы "апторитет" мектептердің бірінде оқиды. "Мектепте тегін тамақ ішіп жүрген шығарсыңдар?" деп сұрағам ғой. Сөйтсем, олардың мектебінде көпбалалы, жағдайы жоқ отбасының балалары ретінде бір әйгілі продюсердің балалары ілініпті тегін тамаққа. Әйелі жұмыс істемейді, продюсер көкеміз ешқандай салық төлемейді. Сонымен, "кірісі жоқ, тұрмысы төмен" болып шыға келген.


Тұрмысы тәуір, қолында билігі бар, тамыр-танысы көп адамдар әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтың несібесіне ортақтасуды қойған кезде ғана бір өзгеріс болатын шығар. Ал оған дейінгінің бәрі бос әңгіме ме деймін.


Жұлдыз Әбділда

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1045    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.06.2019, 14:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31