Сен тұр - мен айтайын!

Қорқып, жабылып отырмай, үйреніп, даму моделінің артық тұстарын көру қажет

  • Қорқып, жабылып отырмай, үйреніп, даму моделінің артық тұстарын көру қажет

    Қорқып, жабылып отырмай, үйреніп, даму моделінің артық тұстарын көру қажет

"Эмпайр-стейт-билдинг" ғимаратын білмейтін адам жоқ шығар. Есіңізге түспесе, Кинг-конг өрмелеп кеткен ғимаратты еске алыңыз. Бұл ғимарат сонау 1929 жылы, АҚШ-тағы тоқырау жылдарында немесе тарихи тілмен айтсақ "Ұлы депрессия" кезеңінде салынды. 1931 жылы салынып бітіп, қолдануға берілді. 103 қабатты ғимаратты салуға сол уақытта 41 млн доллар кетіпті, қазіргімен есептесек шамамен 930-950 млн доллар арасында шығар. Биіктігі 445 метр.
Біздің шіркін Абу-Даби плазамызды айтсаңызшы. Сонау 2010 жылы салына бастады. Созылып, арасында бір өртеніп алып, әлі келе жатыр. Қашан бітері белгісіз. Жылда "келер жылы" деп қоямыз. Бағасы 1,6 млрд доллар деп айтылып жүр. Жалпы 75 қабаттан тұрады. Биіктігі 320 метр.
Ал үшінші ғимарат Қытайда салынған. Mini Sky City деп аталатын бұ ғимарат 204 метр, бар жоғы 19 күнде салынды. 57 қабат. Сұмдық ә)
Бірінші ғимарат осыдан бір ғасыр бұрын, үлкен экономикалық дағдарысқа қарамастан екі жыл ішінде салынып біткен. Ол сәтте қазіргідей құрылыс технологиялары, крандар мен өзге де көмекші құралдар тапшы уақыт.
Ал екіншісін 10 жыл болды әлі бітіре алмай жатырмыз. Жаңа технология, соңғы үлгідегі құралдар мен техникалар қолданылуда. Оның үстіне удай қымбат. Неге?)
ПыСы: Қытайды жек көруің мүмкін, АҚШ-ты ұнатпауың да ғажап емес. Бірақ олардың жетістіктерінен үлгі алу керек, үйрену абзал. Әсіресе құрылыс бойынша Қытайдың қарқыны сұмдық. Қыста бірнеше күнде вирусқа қарсы ауруханаларды салып тастады, осының барлығын үйрену қажет. Қорқып, жабылып отырмай, үйреніп, даму моделінің артық тұстарын көру қажет.

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1483    Пікірлер: 0

сенбі, 02.01.2021, 22:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31