Сен тұр - мен айтайын!

Көрші еркектің әйелі әлгі пұшпағы қанамаған ат қыздардың қасында әлдеқайда алтын

  • Көрші еркектің әйелі әлгі пұшпағы қанамаған ат қыздардың қасында әлдеқайда алтын

    Көрші еркектің әйелі әлгі пұшпағы қанамаған ат қыздардың қасында әлдеқайда алтын

Қайбір жылы көрші тұратын құрдасымыз фейсбукқа тіркеп беруімді өтініп, "Қайтесің"дегеніме қарамай, ақырында тіркеліп тынды.

Тіркеп берген өзім. Жалынып қоймаған өзі.

Бекер-ақ!

Қысқасы, сау басыма сақина тілеп алдым.

Күнде кешкісін ұялысын құшақтап, ұялмай үйімізге кіріп келетін болды.

Үйреткеніңді ұғып алса мейлі ғой, миыңды ашытып, қайта-қайта мазалайды. То фейсбугі бұғатталады, то паролін ұмытып қалады.

Қарны қабақтай, беті табатай болып қиылып тұрған соң, мәселін қайтаруға арланасың рас.

Сол көрші жігіт мені аңдып, артық кеткен тұсымнан күйеуіме ақпарат беріп қан қақсатқан соң, екі бүктеп "Бан" атты барса келмес мекенге айдағанмын.

Ол, дәл сол күні сотовыйын құшақтап тағы жетіп келді.

Сірә, аталған желіде желіккендер мен желөкпелер отырады деп ойласа керек. Осындағы қыз-келіншектерге қырғидай тиіп қиқу салыпты. Бірнеше қыз бұған заманауи тілде, тоесть орысша жауап берген-ау. Соны қазақшаға аударып, орыси қазақтарға орыси тілде жауап жазып беруімді өтінді.

Жекесін оқуға рұқсат еткен соң, ұяла-ұяла оқыдым.

Оқыдым да, шошыдым.

Қысқасы, көрші еркек нағыз албасты екен.

Фигурасы ат қыздармен танысып, оларға ғашық болғанымен қоймай, әйеліне не давольна екенін, әйелінің оңбаған, түрі мыржым-каржым, өз-өзіне қарамайтын салпыетек, алты бала туып, фигурасы алпыстағы әйелдікіндей болып кеткенін сыр қылып жазыпты.

Сөйтіп жазса әлгі қыз, бұны мүсіркеп, бұның ойындағын "Мә" деп бере салады деп ойласа керек .

(Дәмесі Дәметайдың дамбалы)

Оңбаған!.

Нағыз оңбаған екен!

Әйелі әбіржісе, 6 бала туып әбіржіді , кестападан бес бетер екі енесінің үдесінен шығамын деп әбіржіді.

Расында әбіржіген түгі жоқ.

Еркегінің миы екінші басына түсіп, есекми болып кеткенін есепке алмағанда, бұның әйелі әлгі пұшпағы қанамаған ат қыздардың қасында әлде-қайда алтын. Жұрт сүйсінетіндей сүйкімді-ақ келіншек.

Қою керек қой осындайды!

Алтын құрсақты әйелдеріңді бағалаңдар. Аттар мәңгілік емес! 




Көрілген: 8867    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.04.2019, 14:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар
    4 Мамыр, 10:49
    Қалжа ма, гүл ме?
    29 Сәуір, 11:02
    ТҰҚЫМЫ БӨЛЕК БӘЙГЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31