Сен тұр - мен айтайын!

Қоянбаевтың, Болмановтың балалары ақылы мектепте оқиды ғой демесі бар ма...

  • Қоянбаевтың, Болмановтың балалары ақылы мектепте оқиды ғой демесі бар ма...

    Қоянбаевтың, Болмановтың балалары ақылы мектепте оқиды ғой демесі бар ма...

 Ажырасу деген қайдан шығады?..


Үш баласымен үйде отырған көрші әйел ақыл сұрайды. Балам 6-ға толады. Ақылы мектепке бергенім дұрыс па дейді. Бетіне қарап қалыппын. Көршім болған соң жағдайын жақсы білем ғой. Времянкада тұрады, өзі жұмыс істемейді. Үлкен там соғам деп шапқылаған күйеуі үй көрмейді. Тыртың-тыртың өмір. Ал әйелінікі не тыраштық? Бірақ біреуге бірдеме деу қиын ғой бұл күні. Содан сөзді алыстан бастадым.


Өзімді мысалға келтірдім. Шекарадағы қияндағы бір ауылда оқығанымды. Сонымен-ақ өз күшіммен екі жоғары оқу орнын бітіргенімді. Оған мектептің қатысы жоқтығын, тек үлкен рөл атқаратын нәрсе - баланың талабы, еңбекқорлығы екенін...


Сөйтсем ана Қоянбаевтың, ана Болмановтың балалары ақылы мектепте оқиды ғой демесі бар емес пе? Жерге бір түкірдім. Саған сөз түсінеді деп сөйлеп тұрған менде де ми жоқ екен деп.


Ал ана арада салыстыратын адамды тапқан екенсің десем, қып-қызыл қиянкескі ұрыс болайын деп тұр ғой арты. Содан ойланып қалдым, қазіргі жастар "Көрпеңе қарай көсіл", "Қанағат қарын тойғызады, қанағатсыз кедейдің жалғыз атын сойғызады" деген қарапайым қазақтың мақал-мәтелін білмейді-ау деймін. Әлде сол ұстанымға сүйеніп, нарық заманы жастарын түсінбей жүрген мен "отсталаямын" ба?..


facebook.com парақшасынан




Көрілген: 2982    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.04.2019, 20:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар
    4 Мамыр, 10:49
    Қалжа ма, гүл ме?
    29 Сәуір, 11:02
    ТҰҚЫМЫ БӨЛЕК БӘЙГЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31