Кітапханашылардың өздері әнші, өздері биші, өздері артистке айналған

Кітапханашылардың өздері әнші, өздері биші, өздері артистке айналған

Бүгін КІТАПХАНА тақырыбына сөз тартқым келіп отыр. Білесіз бе, Оңтүстікте (Шымкент, Түркістан)тойханадан кейінгі “мәдениетті тойхана” бар. Ол - Кітапхана! Соңғы жылдары көзім жеткен ең экстрим-мамандық - Кітапханашы мамандығы. Кітапхана өткізетін іс-шаралардың қасында Мәдениет үйлері мен театр жолда қалады! Қашан барсаң оқушылар мен студенттер топырлап кіріп, музыканы шаңғытып жатқаны. Неге десеңіз - жоспармен бекіткен кезекті іс-шара! Құдай-ау, өздері әнші, өздері биші, өздері артистке айналған кіл кітапханашылар?!. Тағы бір зер салатын нәрсе - оқу бөлмесі жоқтың қасы. Номинально бар. Бірақ, тыныштықта кітап оқып отырған оқырман көрмейсің. Себеп?.. Себеп, кітапхана жұмыс істей алмайтында емес, себеп - құлақ тұндыратын тағы сол думанды іс-шарада! Қайдан кітап оқысын?! Керек десеңіз, күніне параллельно аудиторияда қосағынан іс-шара жүріп жатады. Кітапхана басшысы екі ортада кезегімен жүгіріп, алқынып жатқаны. Бұл не сонда?! Іс-шарамен айналысатын арнайы ОНМЦ деген қолақпандай штаты бар мекеме мен Мәдениет үйлері не бітіреді? Мен түсінбейтін ең сорақысы - Мәдениет басқармалары неге кітапханадан іс-шара талап етеді?! Кітапхананың басты қызметі - оқырманға іздеген кітабын тауып беру, оқуына мүмкіндік жасау, қала берді жаңа кітаптың авторларын шақырып, оқырманға таныстыру ғой?! Оқырманның сұранысына ие авторлар көзі тірі болса арнайы шақырып, оқырманмен жүздестірсін! Кітапхана қолына қалам ұстағандар мен оқырман арасын жалғастыратын көпір болудан қалған. Жанығып, сан-қилы тақыпыпқа іс-шара өткізіп, шабылып жатқаны. Ау, көзі тірі автормен кішігірім аудиторияда еш микрафонсыз, қарапайым сұхбат, жылы жүздесуді неге жасамасқа? Студент кезімізде кітапхана біз үшін мешіттен бетер қасиетті болатын. Аяғымыздың ұшымен кіретінбіз. Тіптен, кітапты қатты парақтап кетсек, қасымызға кітапханашы жетіп кеп, жәймен ескерту жасайтын. Кеңес кезеңінде Кітапхана - өзгенің тыныштығын бұзбау, өзгенің уақытымен санасу деген ұғымды санамызға сіңірді. Қазір ше? Кітапты ал да - қаш! Өйткені, көрші көрермен залында кезекті думан дүркіреп жатыр. Анкара кітапханасына барғанымда, тура баяғы, өзім студент кезімдегі атмосфераға тап болып, көңілім алабұртқан болатын. (шетелдіктер үшін біздің кітапхананың думаны миға кірмейтін масқара екеніне сенімім мол) Мәдениет министрлігі мен жергілікті Мәдениет басқармалары кітапханаларда думандатқан іс-шара жүргізгенді тоқтатсын! Думанды Мәдениет үйлері мен ОНМЦ атқарсын! Кітапханашы тек КІТАП пен ОҚЫРМАНМЕН айналыссын! Жаңа басылымды оқып, оқырманына жол сілтесін! Айтқым келгені ОСЫ. Әрине, бұл сөзімді жергілікті басшылық ескермесін білем.

Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста