Сен тұр - мен айтайын!

Құдалармен ана тілімізде шүйіркелесіп отырғанға не жетсін...

  • Құдалармен ана тілімізде шүйіркелесіп отырғанға не жетсін...

    Құдалармен ана тілімізде шүйіркелесіп отырғанға не жетсін...

 Кеше Атырауда ауызашарға бардық. Біз барған үйдің қыздарының бірі америкалыққа, екіншісі ирландиялыққа күйеуге шыққан екен. Жиен немерелерін 90 күнге демалысқа жіберіпті.

Сөйтіп, немерелерінің қылығы мен тілін әбден қызықтадық. "Әр жыл сайын немерелер келе жатқанда ағылшын сөздігін жаттап, дайындаламыз" деп, әзілдеп қояды атасы мен әжесі. Құдалықтың қалай өткені, шетелдік құдалардың алдына қойдың басын апарғанда талып қала жаздаған түрлерін айтып, әбден күлдірді.


Ең қызығы, ол балалар әр жылы келген сайын сол елдің елшіліктері үйде кімдер тұратынын, тұрғын алаңын, ол балалардың жеке жатын бөлмелерінің бар-жоғын тексеріп және олардың демалысы мен жүріп-тұрысына дейін қадағалап отырады екен.

Мені әр азаматтың жеке басының құндылығын және олардың өмірін қамқорлыққа алып, қорғап отыруы таңқалдырды.

Қыздарымызға ағылшын тілін үйретіп алып, шет елдікке күйеуге шығып қалса осылай құда, күйеу бала және немерелермен сөйлесе алмай отырамыз ба деген қорқыныш та биледі.


Қыздарымыз қазаққа күйеуге шығып, құдалармен ана тілімізде шүйіркелесіп отырғанға не жетсін...

Алла қыздарымызға сана беріп, бағын ашсын.

Оразаларыңыз қабыл болсын!


facebook.com  парақшасынан 




Көрілген: 1826    Пікірлер: 0

жұма, 10.05.2019, 10:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31