Сен тұр - мен айтайын!

Құдайдан жаңбыр, әкімдіктен көшемізге көп үшін көмек тілейік...

  • Құдайдан жаңбыр, әкімдіктен көшемізге көп үшін көмек тілейік...

    Құдайдан жаңбыр, әкімдіктен көшемізге көп үшін көмек тілейік...

Қызылқайраттан қар кетпесе екен...

"Жол азабын тартқан білер" деген сөзді алыс сапар, ұзақ жолмен ғана байланыстырушы едім. Шақырымға жетпейтін аз ғана жердің қауырт жұмыстан бетер қатты шаршататынын соңғы екі жылда шын сезіп жүрмін.
Талғар ауданына қарасты Қызылқайрат ауылының Хасанов көшесінен солтүстікке қарай баратын тұрғындардың тәтті арманы - мен кешкен жайсыз күйден арылу.
Өзге жұрт қар кетіп көктем шыққанына қуанса, біздің көше тұрғындарынан

қар кетсе маза кетеді. Себебі, қысқы қармен көмкеріліп көміліп қалған көшеміздің көріксіз, кемшілігі көрініп қалады. Көрініп қана қоймай, көлікті күнде жуып, сай-сүйегі сырқырап сынып қалған сайманын жиі ауыстыруға мәжбүр етеді.
Ал мен секілді жаяулар шы?
Қысқасы, Құдайдан "жаңбыр жаумасын" деп тілегіміз келеді. Бірақ, жаңбыр жауса - жер ырысы ғой. Ол жаумаса ел мен жерге зиян. Ендеше, жауа берсін. Ал біз Құдайдан жаңбыр, әкімдіктен көшемізге көп үшін көмек тілейік. Әйтпесе, жаңбыр мен шаңда түйілген қабақ, түрілген балақ, жұқарған жүйге, жүдеген көңіл қалпына түсіп, жұмысқа жайраңдап барып, жадырап қайтар күндеріміз көбеймес...
Қабыл болғай, халық тілегі!

Айтпақшы, осы көшеде тым еркінсіген біреу сасық суларды (дәретхана, душ, жуынды суларын) ашық жерге, көше бойына ағызып жатыр. Ол жерден бала-шаға бастаған барлық адам мұрнын басып өтеді. Одан ауру тарамай ма, өзі?

Суреттегі жағдай көшенің жағдайы жақсарып қалған бейнесі. Ал жаңбыр көбейгенде...

Жарқын Сәленұлы
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 340    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 11:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30