Сен тұр - мен айтайын!

ҚҰРМЕТТІ ФИЛОЛОГТАР, ГРАММАТИСТЕР,... сұрағым бар...

  • ҚҰРМЕТТІ ФИЛОЛОГТАР, ГРАММАТИСТЕР,... сұрағым бар...

    ҚҰРМЕТТІ ФИЛОЛОГТАР, ГРАММАТИСТЕР,... сұрағым бар...

***Қазақша сөйлемді сауатты етіп құрастыруды ойланбайтын қазақтар көбейіп бара жатқан жоқ па ?... Газет, журнал беттерінде, жарнамаларда кілең инверсиялық қателер.... 

Мысал келтірейін:,
1).«Құрметті семинарға қатысушы әріптестер», деп жазады, солай сөйлейді. Сонда, «семинар» ма құрметті?
Неге «Семинарға қатысушы құрметті әріптестер» демейді.?

2).«Арнайы белгіленген жерлерде темекі шегуіңізді сұраймыз» деп жазып қояды.
(Өлердей болып өтініп тұр ғой.)
3).«Әртүрлі халыққа көмек көрсету орталығы ашылды» деп жазыпты бір газет.
(Әуелі өз халқымызды жарылқап алайықшы, дегім келеді.)
4).«Сәнді әйелдер киімі». ( Қайсысы сәнді ?)
5).«Ақылы көз аурулар бөлімшесі». (Дұрысы : «Көз ауруларын ақылы емдейтін бөлімше» болу керек емес пе?.
6).«Халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын !» деп құттықтай беріңдер, тек менің Ханымым (қатыным) халықаралық емес деп баяғыдан бері жазып келемін. Құдай-ау «мереке ғой халықаралық».
7). Орыстілді қазақты қазақ тілді....
Қазақтілді орысты орыс тілді.
( бөлек жазатындар жиі кездеседі )...
***Сөйлем құрастырудың заңы бар емес пе... Мектепті орысша бітіріп, медицинаны орысша оқып, қазақша грамматикасы қалт-құлт етіп жүріп сұрақ қоятын мен сияқтылар көп емес шығар.... Жауап беріңіздерші.
Мысылы : «Нұр Отан партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі комиссия» деген жазуды бір жерден жазып алғам. Оқыдым. Ойландым. Түсіне алмадым. Тіл мамандарына сұрақ қойып отырған түрім ғой...

 

Мухамбедия Ахмет-Төре
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1096    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.09.2020, 08:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31