Құрылыс компаниясына керек деп, неге жолында тұрғанды сүре беру керек?
Бізде қызық ә? Бір жаңа ғимарат салу үшін - міндетті түрде "дейінгіні" сүру керек?! Ипподром мәселесі осында үлкен талқыға салынып жатыр. Bi құрылыс компаниясына керек деп, неге жолында тұрғанды сүре беру керек? Жақсы, аттың қиының исі ұнамайды екен делік?.. Тұрған орны ғажап. Зообақ пен саябақ иінтресіп тұр. Зообақтағы аңдардың қиы да бір жаққа шығатынт та? Қидың мәселесін шешетін ортақ бір жер тауып, ипподромды атпен сейілдейтін керемет демалыс орнына неге айналдырмасқа? Халықтың бәрінде машина жоқ. Мысалы, жаяу-жалпы қияндағы қала шетіне баралмайтыны жеткілікті. Соларға арнап, тұрған ипподромды демалыс күндері бала-шаға пәуеске пініп, атқа отыруды үйренетін сүйікті орынға айналдырса болмас па? Шынымен жаңа ипподром салғысы кеп бара жатса - алдымен қала шетіне еуропа үлгісіндегі керемет ипподромды салсын. Барды - тарихи мұра ретінде сейілге қалдырсын?! Құрылыс компаниясы салғысы кеп бара жатса, пандемия ауруханасының қасында және қарсы бетінде (ескі Алматы трассасы бойында) атшаптырым жер босқа жатыр ғой? Иесінен сатып алуға Bi- дың ақшасы жетеді, сол жерге салсын. Барды, тарихы қалыптасқан ипподромды жаңа келбетке икемдеп, орнында тиіспестен қалдырсын. Млн.-дық мегаполиске үш ипподромы болса да жарасады. Соғұрлым, жер қарайса бітті, біздің жақтың көкпардан қайтпайтын жігіттері шертіп жүріп таңдаған ипподромда шапса жараспай ма?!
Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан