Сен тұр - мен айтайын!

Құрылыста жүріп көз жұмып жатқан, мүгедек боп қалған адам қаншама?!

  • Құрылыста жүріп көз жұмып жатқан, мүгедек боп қалған адам қаншама?!

    Құрылыста жүріп көз жұмып жатқан, мүгедек боп қалған адам қаншама?!

Он жыл бұрын немере ағам Астанада құрылыста жұмыс істеді. Құрылыста құлап, Құдай сақтағанда, көрер күні бар екен, аман қалды. Ағама құрылыс компаниясы моральдық шығын төлеген жоқ, ол да талап етпеді. Үйдегілер "Құдайға шүкір, аман қалды" деп ағамның тауып келген елу-алпыс мың теңгесіне қой алып, мәуе алып, құран оқытқаны есімде. Сол жылдары ауылдың жұмысқа жарамды жігіттерінің тоқсан пайызы Астана мен Алматыда құрылыста істейтін. Рас, қазір де ауылдың жігіттері құрылыста жүр.

* * *

Әкемнің туған жиені құрылыста істеді. Ауыр жұмысқа денсаулығымен құн төледі. Аяғын қазір сылтып басады. "Жас болса, елуге жақындады. Құрылысқа жарамаймын. Қарауыл боп істеп жатырмын. Ауылда жұмыс болса, қалада не бар? Астанада басымызда үй жоқ. Бала-шағаны оқытайық деп жеңгең екеуміз тырбанып жатырмыз. Жеңгең бір ауру кісіге қарайды. Амал жоқ, күн көру керек. Ауылға қайтқымыз келеді, бірақ ауылда жұмыс жоқ. Ауылдағы үйіміз адам тұрмаған соң тозып кетті. Түбі ауылға қайтамыз ғой" дейді мұңайып.

* * *

Астанада нағашымның ұлы көп жыл құрылыста істеді. Бір күні хабарлассам "Жұмыстамын" дейді. "Қазір қыс мезгілі, түнгі он, қайдағы жұмыс?" десем "Түн болса да, біз түнгі сменде жұмыс істейміз. Мына проектіні басшылар тез бітіріңдер деп жатыр" дейді. "Үйдің ішін істеп жатқан шығарсыңдар?" десем "Жоқ, даладамыз" дейді. Ойлаңызшы, қыста, Астананың суығында қаншама жас денсаулығын құртып, үй салды. "Жұмыс істесе, ақшасын алды" дерсіз? Иә, ақшасын алды. Себебі, біреу отбасын асырау керек, біреу әке-шешесіне ақша жіберу керек, біреу денсаулығы жоқ бауырын, ата-анасын, жарын қарату керек.

Бізге дені сау азаматтар керек!
Нағашымның ұлы Бекет былтырдан бері ауылында. Әкесімен бірге қауын екті. "Қысымен бос жатуға болмайды. Тіршілік ету керек. Бірақ ауылда жұмыс жоқ" дейді.

* * *

Туған бөлем Алматыда құрылыста істеді. Құрылыста жүріп, қолының жұлынына зақым келді. Қазір бір қолы шынтағынан төмен істемейді. Жоқ, құрылыс компаниясы ешқандай моральдық шығын төлемеген. Маған мұны кейін айтты.

* * *

Құрылыстан тапқан ақшасы ешбір қазақтың денсаулығын қайтарып бермейді. Мен өзімнің туыстарым туралы, анық білетін жайттар туралы жаздым. Құрылыста жүріп, көз жұмып жатқан, мүгедек боп қалған адам қаншама?! Жалақысын ала алмаған құрылысшылар қаншама?!
Олардың бәрінің арманы: "Ауылда жұмыс болса...".
"Ауыл" партиясынан соңғы жылдары бірде-бір депутат Парламентте жоқ екен.
Кезінде Дулат Исабеков "Ауыл" партиясының мүшесі болды. "Аға, сіз Дулат Исабековсіз. Сізге партияға мүше болу неге керек?" дедім. "Еее, ауыл дамымай қазақ дамымайды. Бір басыма атағым да, ақшам да жетеді. Басқа партиялар да мүшелікке шақырды. Ауылға бір пайдам тисін, бәріміз ауылдан шықтық деп осы партияға мүше болдым" деп еді.
Мен ешбір партияға мүше емеспін және мүше болу ойым да жоқ.
Рас, ауыл дамымай - қазақ дамымайды. Біздің тамырымыз - ауыл.

Ая Мантай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1183    Пікірлер: 0

жұма, 11.12.2020, 10:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31