Сен тұр - мен айтайын!

Күйеулеріміздің мазасын алмайық

  • Күйеулеріміздің мазасын алмайық

    Күйеулеріміздің мазасын алмайық

Қандай сүйкімді жәндік! Ал сіз шуба кигіңіз келе ме? Қазір көшеде, подъезде "бір ішік сатып алып, қосымша 7 сыйлық ал" дегендей жарнамалар толып тұр. Инстаграмда да мұндай жарнама көп. Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, экологияға ең көп зиян тигізетін бизнестің бестігіне шуба өндірісі кіреді екен. Олай болмағанда ше, кейбір табиғат қорғаушыларының мәліметі бойынша, бір шубаға - 240 тиін, 170 шиншилла, 11 борсық, 18 түлкі, 55 қара күзен, 18 ит, 4 қасқыр, 80 бұлғын терісі кетеді екен!!! Жануарлардың терісін тірілей сыпырып алады! Себебі тірілей сыпырып алса, тері жылтыр боп сақталатын көрінеді. Жылтыр дүниеге қызыққандар әлі де көп-ақ. SOS!!! Жануарларды қинап өлтіретін, экобалансты бұзатын бұл бизнес түрін қолдамайық. Сатып алмайық. Күйеулеріміздің мазасын алмайық. Пандемия кезінде тіпті ақшаны үнемдейік! Қазір технологияның дамығаны сондай, жылы пуховиктер де астананың қысына жарайды. Есесіне бір жәндік, жануар өлмейді. Экобаланс бұзылмайды. Шуба кию баяғыда-ақ модадан қалған. Бұл кеңестік заманның сарқыншағы. Еуропаның 14 елінде бұндай қанды бизнеске тыйым салынған. Еуропалық сылқымдар шуба кимейді, ал киген шетелдіктердің үстіне жасылдар қанның түсімен бірдей қып-қызыл бояу жағып кетуі мүмкін. Өз басым жылтыр дүниеге мүлдем қызықпайды екенмін және шубаны армандайтын әйелдерді мүлдем түсінбеймін. Еуропа, Азия елдеріне жиі саяхаттаған соң ба, ой-көзқарасым да дамыған елдердің экологиялық ұстаным-мақсаттарымен бірдей екен. Оның үстіне энергияға сенем, қиналып өлген жануарлардың энергиясы сол шубада болады. Ал ол жақсы нәрсе емес...




Көрілген: 1507    Пікірлер: 0

жексенбі, 18.10.2020, 21:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31