Конкретно айтайын ойымды. Былай ғо.
Ресей мен Украин қырылысып жатыр. АҚШ арандатып отыр десек те басқа десек те айырмашылығы жоқ. Бұл жерде әркімнің өз амбиция өз мүддесі бар. Бұл мүдделер соғысы. Басқа алып мемлекеттер де осыған көз тігуде. Өйткені оларда осы нәрсе арқылы өз мақсатын түгендеуге тырысады Әлсіз, ұсақ мемлекеттер ірі мемлекеттер үшін таптырмайтын фигура яғни пешка. Пешка деген ең әлсіз фигура болғанымен оны ең тиімді, ең ұрымтал тұсқа қоя білсең өте опасный фигура. Оны ауыстыра салу үшін ойлануың керек. Себебі оны алсаң жолың ашылады. Сол жерге өз үстемдігіңді орната бастайсың Ал бірақ оны кім саған тектен тек бере салады? Ол үшін мықты бір фигураңды құрбандыққа шалуың керек. Нақтысын айтқанда бекерден бекр қараусыз жатқан жер жоқ. Оның бәрінің өз қожайындары бар. Яғни пешкалардың орналасу аймағына байланысты оның да абырой беделі әртүрлі болады. Біз әзірге печкамыз. Егер әр қадамды дұрыс басып қарсы беттегі бірінші қатарға жете алсақ, онда мықты фигураға айналып. Бізбен кез келген фигура санасатын болады. Шын мәнінде бізге УКРАИН МЕН РЕСЕЙ соғысынан ешқандай пайда жоқ деп ауызекі айта салғанымызбен, бұл жерде біздің де мақсат мүддеміз бар. Бізге Ресейдің ықпалы, қожайындығы өте күшті дәрежеде. Біздің даму дамымауымыз да осыларға байланысты. Тұсаулы аттай бізді ұзаққа жібермейді бұлар. Демек олардың әлсіреп жеңіліп, бізге ықпалы болмай қалса екен деген арман қиял тұрады ойымызда. Әйтпесе біз де: бірі өліп бірі қалсын деп отыра берсек болады. Шын мәніне келгенде: Жауыз. Қанішер. Адам баласын солай қорлайды ма деп жанымыз ашығансып отырғанымен бізге гитара. Өйткені алыста болып жатқан өлімдер мен қырғындар, өз ортамызда да бар. Соларды түзеп ала алмай отырып алыстағы елдің қайғысына бас ауыртып, жанымыз күйзеліп отыр деген өтірік әңгіме, сырттай сөзбен жаныашығансу ғана. Мен ПРЕЗИДЕНТ ТОҚАЕВТЫ қолдау керекпіз деп жүргенім. Тоқаев мырзаны елден ерек ғұлама. Бәрін біледі. Оған жетер адам да, оның орнын алмастырар адам да жоқ дегенім емес еді. 20 миллион халықтан Ондай адамдар шықпауы мүмкін емес. Және ол біреу екеу ғана емес көп болуы да мүмкін. Өздерің ойлап қараңдар. Кеше ғана КВН ойнап шоу жасап жүрген ЗЕЕ президент болып елін отанын сүйетінін, және ел басына күн туса елді басқара алатынын дәлелдеуде. Бірақ саяси жағдай шиеленісіп соңы мынау болды. Бұл жерде соғыстың болуын тек ЗЕЕ-ден көру. Соғыстың тоқтауын тек ЗЕЕ-мен байланыстыру саяз ойдың ұшқыны. Бұл үлкен саяси ойын. Оны жүргізіп отырған ойыншылар бар. Менің бар ойым елде жақсылық болса екен. Елдің тұрмысы оңалып мемлекет дамыса екен. Бірақ мынандай жойқын соғыс болып кетпесе екен деген оймен ТОҚАЕВТЫ қолдау дұрыс деген пікірдемін.
Біреулер отырып алып айта береді. Тоқаевты ауыстыра салайық. Өйте салайық бүйте салайық деп. Шын мәніне келгенде ол оңай шаруа емес. Құдай сақтасын Қырғын басталып кетсе әлгіні айтып отырған адамдарды таппай да қалуың ғажап емес. Бар қайғы мен ауыртпалықты құшақтап қалатын қара халық болады. Бізге бейбіт түрдегі өзгеріс керек негізі.
Мұхит Тастан