Сен тұр - мен айтайын!

Лотореяға тыйым салынады дегелі ұтыс ойындарының атауы "байқау" болып өзгеріп кетіпті

  • Лотореяға тыйым салынады дегелі ұтыс ойындарының атауы

    Лотореяға тыйым салынады дегелі ұтыс ойындарының атауы "байқау" болып өзгеріп кетіпті

Мө-ө

Жәнібек жақтан жүйіткітіп келе жатырмыз. Қалаға бет алған едік. Жолдан кесе-көлденең өткен салт аттылар беймәлім жаққа жортып барады.

- Жоқ іздегендер ме екен?.. - деген ем.

Рөлдегі ауылдасым:

- Түүшш! "Мө-ө" іздеп жүргендер ғо... -  деді.

Ойым сан-саққа жүгіріп, секунд ішінде мидағы іздеу жүйесі тұспалды ашпаққа жанталасып жатты.

- Түсінбедім...

- "Мө-ө" дегенім киік құрғыр ғо. Сен жазып қойып жүрме, - деп сыбырлады. Құпия сөз екен!

Ауылдағылар зәрезап болып бітіпті. Иен далада жолды кесіп, бөкендер топ-топ болып өтеді. Кей салт атты мал іздеген болып, өлген киіктің мүйізін кесіп алып кетеді екен. Аңшылық қызуымен ашық кіріссе, дүрбімен қарап тұрғандар бірден тұзаққа түсіретінін бәрі біледі. Бірақ оңай олжадан дәмелі жігіттер ештеңеден тайынар емес. Күні кеше ғана 28 жастағы бөкейліктен киік жануарының 102 мүйізі тәркіленді. Заңды белден басатындар тыйылмай тұр. Мүйізді "қара нарыққа" қалай шығарады осы? Соншалықты құнды ма?

P.S. Мө-ө демекші, лотореяға тыйым салынады дегелі ұтыс ойындарының атауы "байқау" болып өзгеріп кетіпті. Әй, сөз тапқыш жұлдыздар-ай! Аты өзгергенімен, заты өзгерген жоқ қо. Елде лотерея ұйымдастыра алатын жалғыз оператор бар. Мө-өнің монополиясына айналып кетеді-ау!

Нұртай Текебаев
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 668    Пікірлер: 0

жұма, 14.02.2020, 09:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30