Маған да, саған да ұрпағың баға береді
Елдің қаһарманы дейміз кей бір азаматтарды. Біреу үшін Әлихан мен Ахмет қаһарман, біреу үшін Абай мен Шәкәрім данышпан, біреу үшін Кенесары мен Әбілқайыр ұлы хан. Қысқасы, әр кезеңде Жаратушы қазаққа данышпанды да, ханды да, қаһарманды да жіберген. БІРАҚ ...
БІРАҚ, сол тұлғалар өз кезеңдерінде таланды, өз заманында жаман атты болды, өз уақытында итше табаланды. Тіпті кейбіреулері өз қазағынан жапа шекті, ажалы да өз замандастарынан болған. Бірақ болашақ маңызды. Болашақ әр қайссымызға баға береді екен. Бүгінгі күннің бағасы емес, ұрпақтың, немере-шөберелердің бағасы маңызды сияқты.
Маған да, саған да, ұрпағың баға береді. Не мүсін қояды, не лағнет айтады. Не көше береді, не мазақ қылады. Тарих. Тарих екен бәрімізге сот болатын. Сондықтан бүгінгі күннің бағасы мен пікіріне аса уайымдаудың да қажеті жоқ сияқты. Қазаққа біткен нар қасқа тұлғалардың еш қайссысы өз замандастарынан жақсы пікір естімеген. Өз ойым.
facebook.com парақшасынан