Сен тұр - мен айтайын!

"Маркер" қаламсаптан гөрі қою жазылды. Анық та, айқын түседі.

  • "Маркер" қаламсаптан гөрі қою жазылды. Анық та, айқын түседі.

 Әлеуметтік желі біткен толып тұрған "маркер мен құйымшақ" жайлы жазба. Табалау, масқаралау, тіл тигізу үдеп барады. "Маркердің" иесі Омар Жәлелұлы. "Құйымшақтың" авторы артына "шала байланған" Мұхаметжан Тазабеков. Екеуі де білімді, діннен хабары мол азаматтар. Сөйте тұра екеуі де өрт-сөзге "оранып ", шоқ-шоқ деген күңкіл мен өсектен, түрлі ғайбат пен айыптаудан арылмай тұр!
Неге?
Осыншалықты ашу-ыза туғызардай не болып қалды? Олар кімнің жолын кесіп кетті? Ата - бабасы ислам жолын ұстанып, салт - дәстүрін дінмен өрген халықтың бүгінгі ұрпағы неге ашушаң? Сөзге неге тоқтамайды? Әліптің артына бағу деген қайда? Дінге шошына қарау неге белең алып тұр қоғамда?
"Құйымшаққа" тоқталмаймын. Өйткені ол оқиға ескірді. Қоламтаны қотарғым келмейді.

Ал "Маркер" жаңа тұтанған тамызық секілді. Үстіне "ірі көмір" тастасаң болды шатырлап ала жөнеледі.
Бірден айтайын, Омар мырзамен аралас-құраластығым жоқ. Сыртынан білемін. Ата - баба дәстүрін ардақтайтын қалыбына риза жанның бірімін. Оқыған, тоқығаны мол деп білемін.
Сонымен Омар Жәлелді түтіп жеуге даяр ағайынның бір шоғырының ұстанымы, ОЛ "өзінің қызы болмағандықтан қыз қадірін білмейді" дегенге саяды.
Бәзбіреулер қыз баланы оқытпау, ерте күйеуге беру "Орта ғасырлық " тағылық деп бағалауда.
Тіпті қызды - қыздымен ислам өркениетін, қасиетті құранды жоққа шығаруға ниеттілер де төбе көрсетуде. Тереңнен толғағандар Пайғамбарымызды педофил деп, Айша анамызды бүлдіршін кезінде қатындыққа алды деп соғып жатыр.
Алла өзі сақтасын, біз қайда кетіп барамыз, ағайын? Бұлай жалғаса берсе арты жақсылыққа апармайды ешқашан!
Иә, Омар мырзаның айтып отырғаны қыз баланың негізгі міндеті - отбасын құру, отағасына қарау, ата - енеге жағу, бала бағу деген ежелден ҚАЗАҚ санасына сіңіп қалған қағидаттар болатын. (Бұл жерде қыз баланы оқытпаңдар, мектеп бітіре сала күйеуге беріңдер деген сөз мүлде жоқ). Баяғыда осы ережеге бағынған халықта ажырасу атымен болмайтын. Ажырасу болмағасын тірі жетім, тірі жесір жайлы сөз қозғамай - ақ қоялық.
Одан алшақтап едік, қазір әр жанұяда жоқ дегенде бір адам ажырасу "құрбаны". Кешегі кеңестік жүйенің озбыр саясаты "Раушан коммунисттерді " дүниеге әкелді. Олар өздерін еркекпен тең дәрежеде санағандықтан, қоғамдағы тепе - теңдік бұзылды. (Әрине елдің бәрі бірдей емес қой. Ер азаматқа тіке қарамай өткен қаншама асыл аналар бар).
Соның зардабын біз әлі тартып келеміз. Бүгінгі тәуелсіз елімізде де гендерлік саясат тұғырдан әлі түскен жоқ...
Соның жемісі болар, жасы жетпістен асса да бұтына шалбар киіп, шашын бояп, қасын керген әжелер бар. Қызы үйіне күйеуімен, бәлкім, енесімен ренжісіп келсе, татуластырудың орнына "Ішіме сиған бала, сыртыма да сияды" деп кергитіндер қайдан шықты?
Қасиетті құранда ер мен әйелдің орны нақты көрсетілген. Әсірелеп айтсақ, еркек - бас, әйел - мойын. Болды.
"Жұмақ ананың аяғының астында " деп дәріптегенде ислам. Бұдан артық не керек?
Мен көрген әжелер мен апалар ер азаматтарға құрмет көрсетіп өтті. Бала кезімде бірде әжеммен келе жатып, шуылдаған ойын баласынан бөлініп шыққан Қабен атайдың немересінің жолын кеспей әжемнің сілейіп тұрып қалғаны есімде. Бұған түсінбеген мен "Әже, не істеп тұрмыз жүрейік те деймін" ғой баяғы. Сонда әжем, "Қайнағамның немересінің жолын қалай кесемін. Еркек кіндік қой" дегені көкейімде сақталып қалды.
Ал, Омар мырзаның сөз арасында әсірелеп қыз баланы "маркер " дегеніне "тулап" жатқан қыз-келіншектерге айтарым, сабыр сақтаңыздар. "Маркер" қаламсаптан гөрі қою жазылды. Анық та, айқын түседі. Жақсы таңбаланады. Сосын қағаздан өшуі де қиын. Онда неге шошынасыздар? Әдемі теңеу ғой. Ер азамат жүрегінде маркер сиясындай баттиып тұрғанның несі жаман? Егер қара қарандашқа теңесе бөлек әңгіме ғой.... Онда ренжісеңіздер орынды...
Абай мен Мәшһүр- Жүсіптен цитата келтіріп, "қыз баланың қадірін асқақтатып" жатқандар мынаған көңіл аударса деймін. Өйткені Омар Жәлел "қос абызды " көбімізден жақсы білетінге ұқсайды терең пайымдасақ...
Сөз соңында айтарым, қыздар, оқыңыздар, көңілге тоқыңыздар. Алайда "оқу өтіп кетіп, ер жігітке " төбеден қараудан абай болыңыздар?
Үйіне келгенде асын дайындап, баласын аялап отырған әйелден еркек ешқашан қашпайды. Соның құлы болуға дайын.
Ал күйеуімен жағаласып, карьера қуып үйінен безінген әйел - ұлты түгілі, күйеуін ұшпаққа шығарады дегенге сену қиын....
Нағыз трагедия сол ғой....

facebook.com  парақшасынан 




Көрілген: 845    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.03.2020, 11:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31