Сен тұр - мен айтайын!

Меккеге барғандар өз мүддесі үшін жан таласса, біздегілер халықтың мүддесі үшін жан таласып жатыр

  • Меккеге барғандар өз мүддесі үшін жан таласса, біздегілер халықтың мүддесі үшін жан таласып жатыр

    Меккеге барғандар өз мүддесі үшін жан таласса, біздегілер халықтың мүддесі үшін жан таласып жатыр

"Құйымшақтан тебу" тақырыбы хит болды.

Осы жерде мен де өз ойымды айта кетейінші. Жалпы мұсылман қауымы Меккеге қажылық парызын өтеуге барады. Барғанда да

бірінші ниет пен пейілді адами қасиетті дұрыстау керек шығар.

Ал адами қасиетке бүкіл жақсы болмысты сыйдыруға болады.


Қажылыққа барып келгендерден көп естіп жатамын.

"Меккеде адамдар өте көп, байқамасаң таптап, үстіңнен басып өтіп кете береді, ал Меккеде өлген адамның арманы жоқ"- дейді. Ал Мұқамеджан ағамыз "Меккеде жолда намаз оқып тұрсаң, арт жағыңнан келе жатқандар құйымшағыңнан тебеді, өйткені сен өзгеге кедергі жасамауың керек" дегенді айтады.

Құдай-ау сонда сол меккеге барған мың, миллион мұсылманның ішінде шалынып құлағанды орнынан тұрғызып, сүйемелдеп жіберетін адами қасиеті мол кісінің болмағаны ма?

Жығылғанды таптап, қалайша қағбаға асығады. Адами қасиет қайда? Сол жерде құлағанға көмектесіп жіберсе, сауабы мың есеге артпайды ма?

Мейлі оны қойшы. Мұқамеджан көке кіл формалыны жиып алып, Меккедегі жайды елдегі жағдайға шатыстырып, "Қоғамның тыныштығын бұзса аямаңдар! " дегенге келтіреді. Құйымшақтан тебіңдер дегені шығар.

Дұрыс!

Қоғамның тыныштығы бұзылмағанын бәрі де құптайды.

Десе де сол қоғамның бұзылмауы үшін, биліктегілер соған жол бермеуі керек. Яки ұйықтап отырып, адамның күлкісі келетін заңдарды шығармауы керек, елге келімсектерді кіргізбеуі керек, халықпен санасуы керек, ешнәрсені сатпауы керек . Сол кезде құда да, құдағи да тыныш.

Біздің елдегі митинг пен меккедегі арттан тебуді тіпті салыстыруға келмейді . Екеуі екі түрлі жағдай.

К стати Меккеге барғандар өз мүддесі үшін жан таласса, біздегілер халықтың мүддесі үшін жан таласып жатыр.

Оны келіп "Көнбесе құйымшақтан тебіңдер! " дегенге келтірудің қажеті жоқ.

Байқаймын Мұқамеджан ағамыз Меккеге 15 рет барамын деп қазақи қалыптан ауытқып кетіпті.

Асыл текті қазағым жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған, қарияларын құрметтеген емес пе?

Адам тұрмақ, малдың өзін теппеген.


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1040    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.10.2019, 11:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31