Сен тұр - мен айтайын!

Мемлекет еріккеннен карантин жариялаған жоқ

  • Мемлекет еріккеннен карантин жариялаған жоқ

    Мемлекет еріккеннен карантин жариялаған жоқ

ҚАЛАЙ ТҮСІНДІРЕМІЗ???

Төркінімді айтпайтын едім. Айтуға тура кеп тұр) Біз Алматыда 9-күн болды карантиндеміз. 3-4 күнде бір азық-түлік алуға ғана шығамыз. Онда да соғысқа бара жатқандай дайындалып, маска киіп, басқа - шапка, қолға - қолғап. ДДСҰ рецептімен жасап алған антисептиктен бір елі ажырамаймыз. Ал енді төркін жақты айтайын: Қызылорда облысының Қазалы ауданы. Әкім-қаралар президент Тоқаевтың бұйрығын қалай орындап жатқанын білгіңіз келсе, біздің ауылға барыңыз. Өйткені, мұнда шал-кемпір шошаңдап тойда тайраңдайды, орта жастағылары бала-шағасымен бірге адам иін тірескен базар-дүкендерде сайрандайды, жастары - ойын-сауықта селтеңдеп... Антисептик, қол жуу, сақтану шараларына түкіргендері бар. Өзімнің туғандарым да сол. Әкем Жоямерген өткен күні Наурыз көжеге Пәленшенің үйіне барып келген. Ол пәленшенің пәленше деген құдасы Төретамнан пойызбен қыдырып келген, одан басқа да пәленшелер бар. Әкеме сөзің жүрмейді, айтқаның өтпейді. Әлемде адамдар қынадай қырылып қалғанын өлдім десең, түсінбейді. Шешем де сондай, "Құдай жар болсын" деп емхана мен үйдің арасында жүр. "Нұр-Сұлтанда бір кісі қайтыс болды осы вирустан" десем, "әәә, иманды болсын" деді жайбарақат... Енді жақын бір туысымыз хал үстінде жатыр екен. Қайтыс болса, көрші ауданға көңіл айта барамыз деп дайындалып отырған көрінеді... Ол аз болғандай сол үйдегі екі келін екі баласын алып, массажға барып келген... Айқайладым бәріне, "қатындарыңа сөздерің өтпесе, балаларын қолдарына беріңдер де, уақытша төркіндеріне жіберіңдер. Карантин аяқталғанша сол жақта қыдырып келсін" дедім екі ініме... Әбден күйдім. Қатты ашуландым. Өйткені екеуінде - 7 бала. Бұл - Қазақстанның барлық жеріндегі жағдай. Жауапкершіліктің жоқтығы. Өзін де, өзгені де аямау. Құдай бетін аулақ қылсын дейміз, бірақ вирус бір адамға жұқса, біттім деңіз. Жан-жағыңыз, туған-туысыңыз, сіз жүрген жердің бәрі көктей солады. Кеше Шымкентте вирус жұқтырған жігіттің шешесі де баласынан жұқтырған. Корнавирус - әзірге емі табылмай тұрған, адамзатқа төнген үлкен қауіп. BBC ақпаратында 26 наурыз күні 18.00-дегі жағдай бойынша Жер шарының 487 985 адам вирусты жұқтырғаны, 22 038 адамның қайтыс болғаны айтылған. Медицинасы мықты АҚШ пен Еуропаның өзі жанталасып жатыр адамдарды аман алып қалу үшін. Ал біздің Қазақстандағы медицинаның жағдайы белгілі... Бірақ соны Алматы мен Астана да, басқа облыстар да түсінбей отыр. Не істеу керек? Алматы мен Нұр-Сұлтан сияқты қалалармен қатар бүкіл ауыл-аймақтағы жағдайды қатаң қадағалауға алу керек. Мемлекет еріккеннен карантин жариялаған жоқ. Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін ойлағасын жариялады. Сондықтан ҚР Президентінің бұйырығына бағынбаған барлық адамды, өз аймағындағы ахуалға жауап бере алмаған әкім-қараларды жазаға тарту керек. Барлық қалалар мен аудандардың шекарасын жабу керек. Онсыз болмайды. Тажал - вирусты жан-жаққа таратып әкетуі мүмкін. Кеш болмай тұрғанда, тезірек қолға алу керек. Немқұрайдылық пен бассыздықты тоқтату керек.

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 703    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.03.2020, 23:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31