Сен тұр - мен айтайын!

Мемлекет халқын асырамайды, міндетті де емес

  • Мемлекет халқын асырамайды, міндетті де емес

    Мемлекет халқын асырамайды, міндетті де емес

62-дегі шалдың артында біреу тұрған жоқ па екен... Бірақ кім біледі, түрлі аурудың кесірі мен тұрмыстық жағдайының төмендігінен белсіз қалған "шаруаға" жарамайтын еркек көбейді деген дабылды қаққан уролог мамандар айтқан санатқа шал-шауқан кірмейтін де шығар. Сонша нөпірдің қолына түссем табанға тапталып, басымды жұлып, ішек-қарнымды ақтарып тастауы мүмкін деп ойлап-ақ жүрегі жарылып өлмеген не деген жаны сірі айуан еді ол да. "Қоғам азды",- дейді кейбіреу, қоғам орнында, адам азды.

 

***

 

Бірнеше рет ажырасқан әйелдің бұрынғы күйеуінен зәбір көргені жайлы суреттері осында жарияланды. Күні кеше күйдім-сүйдімді айтып үйленгендер ғой солар да. Бірнеше жерден пышақтау, өртеп жіберу, мұрны мен жағын сындыру... Ондай еркекте шеше бар ма, болған ба? Әйелі ше? Байының осыншалық жауызға айналғанын, әу бастан қатігез екенін білмеді ме? Не себеп болды? Ай да, жұлдыз да орнында тұр, азған тек адамның өзі!

 

***

 

Маскаңды тақ, арақашықтықты сақта, беталды қаңғыма, той жасама, қазалы үйге барма. Ешкімнің қақсап айтып жатқанын тыңдамай-ақ қой, айналаңда өліп жатқан адамдарға қарап-ақ тәртіпке бағынбайсың ба! Өзің өмір сүргің келмесе, жолың ашық, бірақ айналадағы адамға кесіріңді тигізбей жайыңа өлші. Тіпті сені көметін туған-туысыңа да салмағыңды салмауға тырыс. Әке-шешеңді зар илетпеуді ойла. Бала-шағалы болсаң олардың жетім өспеуін ойла. Ойла да өле бер. Ал өмір сүргің келеді екен, онда тәртіпке бағын, сақтық шарасын айналаңнан да талап ет. Күн де, аспан да орнында, азған адамның өзі ғана.

 

***

 

90-жылдарды есіңе түсір. Кеше жапқан нанның ортасы суланып кететін. "Рама" майын да барлары жеді. Мыңғырған малы бар мен өскен ауылдың тоз-тозы шықты. Совхоз тарады. Тура сол кездің адамдары дәл бүгінгідей рухани азбаған еді бірақ. Қазір ше? Қазір сән-салтанаты жарасқан сарайында алтын табаққа ас құйып ішкеніне мәз бай мен тапқанын пәтерақыға беріп макарон тауып жеуге ғана шамасы бар кедей - арасы қатты алшақтап кеткен, байы кедейін адам қатарына санамайтын, кедейінің байға деген тек өшпенділік пен жеккөрушілігін көрсететін екі тап қана бар! Екеуі де рухани мешел, рухани мүгедек! Осыдан соң қоғам азды дей аламысың? Таң уақытымен атып, күн мезгілімен батып жатыр. Азған адамның өзі.

 

***

 

Пейілің тарылған, ниетің бұзылған, бірді екі ете алмасаң, азды ұқсата алмасаң кімнен көрмексің? Ешқашан мемлекет халқын асырамайды, міндетті де емес асырауға. Бірақ халқына қармақтың не екенін түсіндіріп және қармақты қолына ұстатып өзен-көлдің қайда екенін көрсету парызы болатын... Өз ұлтының ұлттық менталитетіне сай ханға да, қарашаға да ұғынықты тілде ешқашан өзгермейтін (тек қана уақытқа орай толықтырылатын) ұлттық заң шығаруға міндетті еді. Ит тартқан терідей солқылдақ заң, көті бос басшылық... Айналып келгенде ұлттық идеологияның болмауынан осындай күйге жеткенімізді мойындайықшы. 70 жыл бодан болғанда азбап едік қой бұлай.

Ақ қарын жаудырып қыс, жапырағын сарғайтып күз, гүлдерін жайқалтып жаз, бүршігін жарып көктем де өз уақытында кеп жатыр. Азған тек адам ғана.


Айгүл Болатханқызы
Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 3124    Пікірлер: 0

сенбі, 25.07.2020, 19:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30