Сен тұр - мен айтайын!

Мемлекеттік деңгейде ана тілімізді меңгерудің стандарттарын енгізу өте маңызды

  • Мемлекеттік деңгейде ана тілімізді меңгерудің стандарттарын енгізу өте маңызды

    Мемлекеттік деңгейде ана тілімізді меңгерудің стандарттарын енгізу өте маңызды

Қазақ тілін дамыту жөнінде.
Ана тіліміз шынайы қатынас тіліне айналуы үшін қызмет ету саласында (магазин, маркет, асхана, кафе, шаштараз т.б.) мемлекеттік тілде сөйлеуі керек.
Осыдан он жыл бұрын қызмет саласында еңбек ететін азаматтардың қазақ тілін меңгеру мәселесін көтерген болатынбыз. Өкінішке орай, мәселе сол қалпында. Өзіміздің қаракөздердің өзі ана тілінде сөйлегісі келмейді.
Мен кей кездері "Астаналық" маркетінде азық-түлік аламын. Сол жердегі ана тіліне байланысты менің сатушымен қарым- қатынас эволюциямды баяндап берейін.

Басында сатушы қыздар қазақша сөйлесең орысша жауап беріп жүрді. Бір ескерту жасадым, екі жасадым, содан кейін орталықтың меңгерушісін шақыруды өтіндім. (Қазақ қызы) Ол қарындасқа (сыпайы түрде) мынандай принцип ұсындым, "егер кімде-кім қазақша сұраса, сатушылар қазақша жауап берсін, орысша сұраса, орысша жауап берсін". Сатушының басым көпшілігі қазақ бола тұра орысша жауап береді, бірен-саран басқа ұлттардың өкілдеріне де, мемлекеттік тілді білу артық болмайды.
Қазір, бүкіл персонал (анда-санда, сырттай бақылап жүремін) ана тілімізде сұрақ қойғандарға тек қазақша жауап береді.
Жалпы, қызмет беру саласында ана тілімізді дамытудың әдіс-тәсілдерін жасау керек. Және де бұл әдіс тәсіл мәжбүрлеу, бұйрық беру, ұрсысу емес, адамдарға сүйкімді, тартымды, адамды ана тілімізге жақындата білетін әдіс болғаны дұрыс. Адамдарды елітіп алып кететін тәсіл маңызды.
Мемлекеттік деңгейде, қызмет беру саласының ана тілімізді меңгерудің стандарттарын енгізу өте маңызды.

Erlan Sairov
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1028    Пікірлер: 0

сенбі, 16.05.2020, 20:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30