Сен тұр - мен айтайын!

Мен келіндерін жамандайтын енелерді түсінбеймін...

  • Мен келіндерін жамандайтын енелерді түсінбеймін...

    Мен келіндерін жамандайтын енелерді түсінбеймін...

Мен келіндерін жамандайтын енелерді түсінбеймін... Жеңгем бар. Жеңге болғанда туған жеңгем. Ағам 1991-ші жылы аяқ астынан жол апатынан қайтыс болды. Ол күндерді есіме де алғым келмейді, бастарыңызға бермесін. Жақсы жағдай емес. Содан жеңгеміз жалғыз ұлымен жесір қалды, бірақ екінші рет тұрмысқа шықпады. "Шығамын" дегенін естіп те көрмеппіз. Інім еркелеу, тентексоқтау болып өсті. Сөйтіп інім ер жетіп 2008-шы жылы үйленді. Бәріміз жабылып, ұлан-асыр той жасадық. Келініміз жақсы адам болып шықты. Тәрбие көрген, істеген істері тас-тұянақтай. Көп ұзамай мен отбасыммен Атырауға көшіп кеттім, олар елде қалды. Осы күні ауылға барған сайын жеңгеме соғып, амандасып тұрамыз ғой. Отбасы болған соң кикілжің болмай тұрмайды, әрі інімнің мінезі туралы естіп те қоямын, білемін де, өйткені оның мінезі әке, ағадан алшақ болуы мүмкін де емес))) Соның бәрінде де жеңгем жалғыз ұлын жақтаған емес, өзінің айтуы бойынша "бір нәрсе болса болды, келіннің жағына шыға келемін" дейді. Жеңгемнің қазір 4 немересі бар, бала-келіні жұмыста, екеуі шауып жүріп жағдайларын жасап алған. Үстерінде-үй, астарында-көлік. Бала-келін жұмыста, немерелерді бағу-жеңгемнің міндеті. Кез-келген орташа үйден кем тұрмайтын кәдімгі қазақи ұйыған, берекелі отбасы. Соның бәрі кімнің арқасы? Мен өзім жеңгемнің арқасы деп ойлаймын, өйткені бала-келіннің арасында түсініспеушілік бола қалғанда жеңгем баласы жағына шығып кетсе қызықтың көкесі сонда болар еді. Ол өйтпейді, ол келінін жақтайды, өйткені баласын жақтаса бәрінен айырылады, ал келінін жақтаса өз ішінен шыққан баласы қайда барады?! Кейде енелердің барлығы менің жеңгемдей әрі тактик, әрі стратег болса Қазақстандағы жастардың арасында ажырасу деген құбыжық азаяр ма еді деп те ойлап қоямын.

Осылардың бәрін көріп-естіп жүрген мен кейде жеңгеме әзілдеп "Әй, жалпы сен арам қатынсың ғой" десем, "Өйтпесе бола ма, қайным-ау" деп кеңк-кеңк күледі))

www.facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 693    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 19:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31