1992 жыл. Ұржар. Екі қазақ екі төбенің басында мал бағып жүреді. Бір кезде біреуі: "Эй моңғол, сіріңке бар ма??" деп айқайлайды. Екінші төбедегі қазақ шауып келіп, біріншісінің жағасынан алады: "Мен моңғол емеспін, мен қазақпын, Отаныма келдім!" деген екен.
Сонда біріншісі тұрып, "ничего себе қазақсың, келгенің кеше ғана, сонда лезде қазақ болғың келе ме?" мен келгеніме 30 жыл болды, әлі мені "қытай" дейді" деген екен.
Бұл күлкі аралас шын болған оқиға. Трагикомедия. Қазақтың осындай дерті бар. Құшақтап, сіңіріп, қосып алудың орнына, кеудеден итеріп бөлінеміз. Өкінішті.
Samat Nordman Nurtaza
Фейсбуктегі парақшасынан