Сен тұр - мен айтайын!

Молдеке, алғашқы махаббат, алғашқы поцелуй дегендер есіңізде ме?

  • Құралай Сейсенбекқызы

    Құралай Сейсенбекқызы

Бірде радиодан "Имани-гүл" хабарының редакторы жұмысқа келмей қалды да, орнына мен жүргіздім. Қауғадай ақ сәлдесін басына сәндеп ораған , ақ шапанды имам да келіп жетті. Аяғына жып-жылтыр лакированный туфли киіпті. 

Тым ыңғайсыз хабар екен. Иманның алдында сызылып, айтқан әрбір сөзімді ой елегінен өткізіп, қырылдаған даусымды барынша жіңішкертуге тырысып бақтым. Су жаңа лакированный туфли екен деп отырғаным, мәсінің сыртындағы кебіс екен ғой. "Бәсе" деймін ішімнен, шапанымен жарасып-ақ тұр. Кенет хабардың тікелей эфир екені есіме түсіп, басталуына 5 минөт қалғанда :

- Ойбу, ешкім қоңырау соқпай қалса біртүрлі ғой.,- дедім молдаға қарап.

- Таныстарыңыз жоқ па еді? Айтып көрсеңізші,- деді молдекең. 

- Қазір,- дедім де таныс апайға қоңырау шалып:

- Имани гүл хабарына келіп отырған молдаға сұрақ қоясыз ба?,-дедім бас салып

- Сенің хабарыңа үнемі сұрақ қойып жүрмін ғой!,- деді ол

- Ораза айы ғой, соған байланысты бір сұрақ қойыңызшы, өтінемін,- дедім мен.

- Өз ойымдағы сұрақты қойсам бола ма?,- деді апай. Үні біртүрлі кекесінді шықты.

- Қоя беріңіз, рахмет сізге- дедім. 

Ішке кіріп, "қазір бір құрбым сұрақ қояды" деп қойдым сәлделі кісіге. Хабар басталды. Телефон шар ете қалды. Трубканы көтергенде апайдың даусын бірден танып, "танысым" ғой деген белгі бердім имамға. 

- Алло, молдеке привет!, деді арғы жақтағы таныс апайымның үні. Молда маған жалт қарады. Менің бетім ду ете қалды да:

- Саламатсыз ба! Қандай сұрағыңыз бар?-дедім.

- Менің сұрағым Құрметті Молдеке сізге бағытталады. Алғашқы махаббат, алғашқы поцелуй дегендер есіңізде ме?,- дегені. Мені бір жағынан ұят, екінші жағынан күлкі қысса, оразада аузы берік иммның мына сұраққа қалай жауап беретініне қысылғаным соншалық аузымды қолыммен бекітіп, столдың астына кіріп кеттім. Молданың көзі атыздай болды.

- Үндемей қалдыңыз ғой. Тағы бір сұрақ осы молдалар қызға барады ма? Ораза айында тек қана шындық айтылады деуші еді, соны білгііім келіп тұрғаны,- деді де сәл кідіріп барып:

- Молдеке, пока,- деп тұтқаны тастай салды.

- Мұндай сұрақтарға жауап бере алмаймын,- деген сөзді көкем буынға бөліп, әзер айтты.

...Хабар бітісімен ақталғанымды тыңдамастан алды-артына қарамай безіп кетті. Ал мен осы хабардан кейін ешкімге қоңырау соқ деп жалынбайтын болдым...


Құралай Сейсенбекқызы

Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 2898    Пікірлер: 4

сейсенбі, 23.12.2014, 09:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31